Ағымдағы жылы Қазақстан президенті Үндістанға барады - Қазақстандағы Үндістан елшісі
Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанға барады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесу барысында Қазақстандағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Ашок Саджанхар мәлім етті, деп хабарлайды агенттік ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан мен Үндістан арасында ежелден келе жатқан меймандос қарым-қатынас бар, көптеген мәселелер бойынша біздің көзқарастарымыз сәйкеседі және мен бүгін Қазақстан президенті биыл Үндістанға барады деп қуанышпен айта аламын", -деп баспасөз қызметі елшісінің сөздәйегін келтіреді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстандағы Үндістан елшісі мемлекет басшысының сапары екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға жаңаша серпін береді дегенген сенім білдірді.
"Қонақтың айтуынша, бұдан басқа да жоғары деңгейдегі сапарлар межеленген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, А. Саджанхар Қ. Мәмиге "Үндістан елшілігі екі елдің сот жүйелері арасындағы ықпалдастықты нығайту әне өзара тәжірибе алмасу үшін екі елдің Жоғарғы соттары төрағаларының кездесу мүмкіндігін қарастыра алады", деп хабарлады.
Өз кезегінде Қ. Мәми ҚР Жоғарғы сотының басымдық берілген бір мақсаты - шетелдердің жоғары сот органдарымен екі және көпжақты байланысты нығайту, сондай-ақ, халықаралық және бейресми ұйымдармен ынтымақтастық орнату екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті