25.09.2006, 16:19 2885

"Ақ жол" демократиялық партиясының сьезі 2004-жылғы мәжіліс сайлауында партия жеңіп алған депутаттық мандатты іске қосуға шешім қабылдады

АЛМАТЫ. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының сьезі 2004-жылғы мәжіліс сайлауында партия жеңіп алған депутаттық мандатты іске қосуға шешім қабылдады. Бұл туралы партия жетекшісі Илихан Бәйменов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Партияның сьезі қалған үш жылда партияның мандатын пайдалану қажет деген принциптік шешімге келді",- деді И.Бәйменов.

Сонымен бірге "Ақ жол" партиясының жетекшісі партияның орталық аппараты мандатты пайдалану туралы Орталық сайлау комиссиясымен тиісті консультациялар өткізеді. "Осындай жұмыстардан кейін заңнамаға сәйкес партиялық тізім қалпына келтіріліп, мандатты пайдалану мүмкіндігі пайда болады",- деді И.Бәйменов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны