30.12.2011, 14:00 3392

"АҚ ЖОЛ, ҚАЗАҚСТАН!" республикалық сайлауалды автошеруі басталды

"30 желтоқсан күні сағат 12.00-де Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясының Орталық кеңсесінен "АҚ ЖОЛ, ҚАЗАҚСТАН!" республикалық сайлауалды автошеруі бастау алды", деп хабарлады Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясының баспасөз қызметі.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - "АҚ ЖОЛ, ҚАЗАҚСТАН!" республикалық сайлауалды автошеруі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"30 желтоқсан күні сағат 12.00-де Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясының Орталық кеңсесінен "АҚ ЖОЛ, ҚАЗАҚСТАН!" республикалық сайлауалды автошеруі бастау алды. Автошеруге партия белсенділері, партияның жастар қанаты, мобильдік үгіт-насихат топтары қатысуда. Шара маршруты Ақмола облысынан басталып, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды және 2012 жылдың 11 қаңтарында өз мәресіне жетпек. Авто-шеру еліміздің барлық елдімекендерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, партияның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр", деп хабарлады Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үгіт-насихат тобы партияның сайлауалды тұғырнамасындағы басты бағыттарға ерекше көңіл бөлінетін болады:

- Жұмыссыздықты азайтуға, әлеуметтік әділеттілік және халықтың табысын арттыруға;

- Қолжетімді тұрғын үй сұрағына, соның ішінде жастар үшін;

- Қазіргі заманғы сапалы білім беру мен медициналық қызмет көрсету сұрақтарына;

- Бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызуға;

- Биліктің қоғам алдындағы ашықтығы және есеп беруіне.

"Партия белсенділері сайлаушыларды алдағы сайлауға белсенді қатысуға және өз дауыстарын "АҚ ЖОЛ" партиясына беруге шақыратын болады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны