02.12.2011, 15:01 3190

"Ақ жол" Қазақстанның партия жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірмек ниетте

"Ақ жол" ҚДП-ның төраға орынбасары бастаған делегация партиялар арасында өзара қарым-қатынас орнату үшін және Еуропадағы партиялық құрылымның негізгі трендтерін зерделеу мақсатында Брюссель қаласында жүр. Басты себеп - отандастарымыз Қазақстанның партия жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру.

Брюссель. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" Қазақстанның партия жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірмек ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП-ның төраға орынбасары бастаған делегация партиялар арасында өзара қарым-қатынас орнату үшін және Еуропадағы партиялық құрылымның негізгі трендтерін зерделеу мақсатында Брюссель қаласында жүр. Басты себеп - отандастарымыз Қазақстанның партия жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру.

"Құрамында партия төрағасының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Ерлан Барлыбаев, халықаралық бөлім директоры Асем Аққужанова және партия төрағасының халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Аман Көбіковтар бар "Ақ жол" ҚДП делегациясы Брюссельде жұмыс сапарымен жүр", деп хабарлады ҚДП баспасөз қызметінен.

"Бүгінде біздің Еуропадағы партиялық құрылымның негізгі трендтерін білу үшін партия аралық қарым-қатынастар өте маңызды. Себебі Қазақстан ЕҚЫҰ төраға болды, сондықтан да біз Қазақстанның партия жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдірмекпіз",- деп атап өтті "Ақ жол" партиясы төрағасының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Ерлан Барлыбаев.

Атап айтқанда, "29-қараша күні "Ақ жол" партиясының өкілдері бірқатар белгілі тұлғалармен кездесу өткізген". Ал 30-қараша күні делегация АЛДЕ Групп Фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты.

Ерлан Барлыбаевтің айтуынша, "бүгінде Қазақстан үшін де бұл бағыт маңызды болып отыр. Экстремизм бүкіл елге қауіп төндіріп тұр. Осы тұрғыда біз Еуропаның тәжірибесіне мүдделіміз".

"Еуропарламент пен Еурокомиссияда бірқатар кездесулер өтті. "Ақ жолдықтар" Еуропарламенттің депутатарымен, Liberal International президенті Ван Бааленмен, АЛДЕ Групп мүшелерімен, ЕО Орталық Азия бойынша негізгі баяндамашысы Николь Киль-Нильсенмен, ЕО Парламент Комитетінің Орталық Азия бойынша мүшесі Вилья Сависаар-Тоомастпен және Еуропалық Комиссияның Орталық Азия бойынша бөлім бастығы Виктор Мальдонадомен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Еуропарламенттің депутаты Лиза Йяконсааримен кездесу өткен.

"Сондай-ақ, "Ақ жол" ҚДП делегациясы Хорватияның ЕО қосылуына дауыс беру жөніндегі отырысына қатысады",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

(Еуропарламент жалпы отырыс барысында Хорватияның ЕО кіруін мақұлдаған болатын. Осы шешімді 564 депутат қолдап, 38 қарсылық танықтан, ал 32 депутат дауыс беруден тыс қалған болатын).

"Ақ жол" партиясы бұдан кейін де партиялық құрылым саласында, сонымен қатар еліміз бен қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуы жөніндегі мәселесі бойынша халықаралық қоғамдастықтармен тәжірибе алмасатын болады",- деп қорытындылады ҚДП баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны