02.03.2012, 16:39 3555

"Ақ жол" ҚДП төрағасы ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

2012 жылғы 29 ақпанда Қазақстанның "Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли мырзамен кездесуі болды,- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Астана. 2-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылғы 29 ақпанда Қазақстанның "Ақ Жол" демократиялық партиясының орталық кеңсесінде Партия төрағасы Азат Перуашев ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли мырзаны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы 29 ақпанда Қазақстанның "Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли мырзамен кездесуі болды,- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Чжоу Ли мырза "Ақ Жол" партиясының жетекшісін Мәжіліс сайлауындағы жеңісімен және парламенттік Фракцияны құруымен құттықтады.

Елші Қытайдың ШЫҰ аясында 2012 жылғы 15 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын заңға сай өтті деп танығандығын және Қазақстанда көппартиялы Парламенттің құрылуын қолдайтындығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының одан әрі дамуының маңыздылығын айтып өтті, оның негізгі бағыттарын, сондай-ақ сауда-экономикалық сферадағы екіжақты жобаларды дамыту бойынша кәсіпкерлер тобының бастамаларына көмек көрсету мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың партияаралық өзара әрекетінің мәселелері де қозғалды. Чжоу Ли мырза Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті делегациясының 2012 жылғы 9 наурызда Астана қаласына жоспарланып отырған сапары туралы айтты. Өз кезегінде Азат Перуашев екіжақты ынтымақтастық сұрақтарын талқылау үшін қытайлық партиялық делегация өкілдерімен кездесуге дайын екендігін білдірді.

Кездесуге Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиынымен ынтымақтастық бойынша парламенттік топтың қатысушысы - депутат Нұрлан Жазылбеков және депутат Алмас Тұртаев қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны