11.03.2012, 17:41 3999

"Ақ жол" ҚДП төрағасы ҚКП ОК делегациясымен кездесті

Делегация құрамында ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің басқарма директорының орынбасары Цяань Найчен, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің бөлім бастығы Цуй Личжи, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің хатшы-стажері Ван Юе, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің хатшы-көмекшісі Ван Фэн және ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Сунь Цзефу болды,- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылғы 9 наурызда Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Делегация құрамында ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің басқарма директорының орынбасары Цяань Найчен, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің бөлім бастығы Цуй Личжи, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің хатшы-стажері Ван Юе, ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің хатшы-көмекшісі Ван Фэн және ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Сунь Цзефу болды,- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Цяань Найчен мырза "Ақ жол" партиясының жетекшісін Мәжіліс сайлауындағы жеңісімен және парламенттік фракциясын құруымен құттықтады.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдың партияаралық өзара әрекетінің мәселелерін талқылады. Екі ел арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалды. Цяань Найчен мырза Қытай Коммунистік партиясының алдында тұрған міндеттер қатарында тек партиялық құрылыс мәселелері ғана емес, сонда й-ақ халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа, аймақтық өзара әрекеттесуге көмек көрсету мәселелерінің де тұрғандығын атап өтті.

Өз кезегінде, Азат Перуашев екі ел арасындағы кәсіпкерлік қарым-қатынасты жақсарту жолындағы қолдауы үшін ҚКП-ның Халықаралық бөліміне алғысын білдірді және құрлық кәсіпкерлерінің тұрақты диалог алаңы - Еуразиялық Іскерлік Конгресінің қатысушысы ретінде Қытайдың ірі бизнес-бірлестіктерін тартудағы Бөлімнің жақын арадағы белсенді көмегін мысал ретінде келтірді. "Бұл ҚКП-ның тек саясаттағы ғана емес, сондай-ақ бизнестегі жоғары беделінің мысалы. "Ақ жол" - ұлттық бизнестің партиясы осы дәстүрді меңгеретін болады", - деп партия төрағасы атап өтті. Азат Перуашев қытайлық партиялық делегация өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін кездесуге, сауда-экономикалық сферасындағы екіжақты жобаларды дамыту бойынша кәсіпкерлік топтарының бастамаларына көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесуге "Ақ жол" ҚДП-ның Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы, Қазақстанның Индустриалды Палатасы төрағасының орынбасары Болат Өтепбаев, Қазақстанның Индустриалды Палатасы төрағасының орынбасары Тимур Нұғманов, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Ақ жол" ҚДП фракциясы аппаратының жетекшісі Айгүл Рупатова және "Ақ жол" ҚДП-ның халықаралық бөлімінің директоры Исем Аккужанова қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны