08.02.2012, 16:20 3634

"Ақ жол" ҚДП заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу туралы заң жобасын қабылдамауды талап етеді

"Қазіргі кезде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) қаралып жатыр. Бизнес-қоғамдастығы осы заң жобасына елеулі түрде алаңдаушылығын бірнеше рет мәлімдеген болатын", деп мәлім етті Азат Перуашев.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" ҚДП заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу туралы заң жобасын қабылдамауды талап етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында "Ақ жол" ҚДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қабылдауға болмайтындығын мәлімдеді. А. Перуашевтің пікірінше, қаралып отырған редакциясында бұл заң жобасы жеке бизнеске нұқсан келтіреді және тұтас алғанда оның теріс әлеуметтік-экономикалық салдарлары болады.

"Қазіргі кезде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) қаралып жатыр. Бизнес-қоғамдастығы осы заң жобасына елеулі түрде алаңдаушылығын бірнеше рет мәлімдеген болатын", деп мәлім етті Азат Перуашев.

Ұсынылып отырған заң жобасын осы редакцияда үзілді-кесілді қабылдауға болмайды, деп есептейміз. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе ғылым мен практикалық экономиканың әртүрлі салаларының мамандарын тарта отырып, неғұрлым терең әрі кешенді қайта әзірлеуді қажет етеді.

Аталған заң жобасын осы қалпында қабылдамауды және оны тұжырымдамалық тұрғыдан қайта әзірлеуге жіберуді сұраймыз.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны