05.12.2012, 17:33 6052

"Ақ жол" МҮИИДБ әрбір жобасына қатысты жауапкершілікті күшейтуді талап етеді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаты Алмас Тортаев бірнеше халық қалауласының атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевке елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру жобаларының саны мен сапасы жайлы сауал жолдады.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" МҮИИДБ әрбір жобасына қатысты жауапкершілікті күшейтуді талап етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаты Алмас Тортаев бірнеше халық қалауласының атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевке елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру жобаларының саны мен сапасы жайлы сауал жолдады.

"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағларламаның негізгі мақсаттарының бірі - ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған инновациялық өнім шығаруға бағытталған өндірістерді дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске қосу үшін экономиканың басым секторларын дамыту бойынша да салалық бағдарламалар, бизнесті дамыту бағдарламалары, индустрияландыру картасы сияқты басқа да бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламалар елімізді шикізаттық тәуелділіктен алып шығатын стратегиялық маңызды құжат. Бағдарлама нәтижесі ретінде күні кеше ғана Елбасының қатысуымен ашылған электровоз құрастыру зауытымен мақтана аламыз. Бірақ, өкінішке қарай мемлекеттік бағдарламалар аясында іске қосылған, алайда жұмысы ақсап тұрған жобалар да аз емес", - дей келе депутат бірнеше мысалдар келтірді де елдегі индустрияландыру жобалары Елбасының тарапынан да сынға ұшырағанын баса айтты.

"Үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында Үкімет, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдердің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста Елбасы мемлекеттік бағдарламаларға кірген жобалардың сапасына сын айтқаны бәрімізге мәлім. Сол скезде Елбасы индустрияландыру картасындағы барлық іске еқосылған жобалардың 60 пайызын іске асыру аграрлық кешен мен құрылыс индусриясының үлесіне тиетінін, ал 31 ірі жобаның ішінде тек қана 5 жоба дайын өнім шығарумен байланысты екенін, 11 жоба төменгі деңгейдегі өнім шығаруға бағытталған айтып, бұл даурықпа баяндамалардың салдары деген баға қойған болатын. Мемлекет басшысының сыны әрбір жобаға деген жауапкершілікті күшейтіп, жобалардың өміршеңдігіне аса мән беру керек екендігі туралы қойылған талап. Құрметті, Исет Өрентайұлы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, индустрияландыру картасына 707 жоба кірді. Осы жобалардың қаншасы бүгінгі күнге дейін іске қосылды және толық қуаттылықта жұмыс істеуде? Және де жұмсалған қаражат ақпарат туралы ақпарат беруіңізді сұраймын", - деді депутат А.Тортаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны