05.01.2012, 17:12 3375

"Ақ жол" өзінің жеке өнімдерін шығарып отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді

Азат Перуашев "Алматы сусындары" АҚ, "Маслодел" АҚ екі корпусының және "Реиз Group" ЖШС қызметкерлерін партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚДП баспасөз қызметінен.

Алматы. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" өзінің жеке өнімдерінін шығарып отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" Партиясы өзінің жеке өнімдерін шығарып отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Осы өнім өндірушілер өздері табыс тауып қана қоймай, қоғамдағы басқалардың нан табуына мүмкіндік беретін буын болып табылады. Қазақстан өзіндік өнім шығара отырып қана ресейлік, беларустік және басқа да өндірушілермен бәсекелес бола алады. Біздің партия отандық кәсіпкерлерді қолдайды",- деп мәлім етті "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашев Алматыдағы үш кәсіпорынның еңбек ұжымдарымен кездесу барысында.

Азат Перуашев "Алматы сусындары" АҚ, "Маслодел" АҚ екі корпусының және "Реиз Group" ЖШС қызметкерлерін партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚДП баспасөз қызметінен.

Илеуетті сайлаушылармен кездесуге партия төрағасы Азат Перуашев, ҚР парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Ерлан Барлыбаев, Нұрлан Жазылбеков, Талғат Ибдіжаппаров, Сағиятулла Сарсенов, Еркебұлан Ілясов және партияның алматылық белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Азат Перуашев отандық өндірушілерді қорғау жөніндегі ұсынысын мәлімдеді. Атап айтқан, "Ақ жол" ҚДП төрағасы кәсіпорындар үшін дифференциялдық салық салуды енгізуді ұсынып отыр, яғни бюджетке төленетін төлем көлемі осы саланың рентабельділігіне байланысты өзгеріп отыруға тиіс. ҚДП төрағасы мәлімдеуінше, партияның басты міндеті либеральдық бизнес-орта құрып, бизнес жүргізудегі қордаланып қалған проблемаларды шешу және оған жайлы жағдай жасау болып табылады.

Осы кездесулердің қорытындысы бойынша "Алматы сусындары" АҚ басшылығы бүкіл құраммен, "Маслодел" АҚ 700 астам қызметкері және "Реиз Group" ЖШС 200 астам қызметкері түгелдей "Ақ жол" ҚДП құрамын кірді. Партия басшылары тарапынан барлығына партия билеттері берілді.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы еліміздегі ең ірі партиялық ұйымдардың қатарына кіреді және де республикамыздағы жетекші саяси күштердің бірі болып табылады. Бүгінде ҚДП қатарында 180 мыңнан астам адам бар. Олардың 20 мыңнан астамы бизнесмендер. Өзінің "Алға жылжу үшін өзгерістер" атты сайлауалды бағдарламасында партия азаматтардың әл-ауқатының өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, экономикалық тұрақтылыққа, халықтың қауіпсіздігіне, білім сапасын көтеруге, медициналық көмектің қол жетімді болуына бағытталған реформалар ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны