23.12.2011, 12:08 3089

"АҚ ЖОЛ" партиясы бұл сайлау елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы болуға тиіс деп санайды

"АҚ ЖОЛ" партиясы бұл сайлау Елбасының бастамасымен елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы және тәуелсіз Қазақстан тарихында демократиялық дамудың жаңа дәуірінің басталуы болуға тиіс деп санайды",- деп мәлім етті ҚДП төрағасы Азат Перуашев партияның үгіт-насихат тобының сайлаушылармен кездесуі барысында.

Астана. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - "АҚ ЖОЛ" партиясы бұл сайлау елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы болуға тиіс деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АҚ ЖОЛ" партиясы бұл сайлау Елбасының бастамасымен елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы және тәуелсіз Қазақстан тарихында демократиялық дамудың жаңа дәуірінің басталуы болуға тиіс деп санайды",- деп мәлім етті ҚДП төрағасы Азат Перуашев партияның үгіт-насихат тобының сайлаушылармен кездесуі барысында.

Кеше "АҚ ЖОЛ" партиясының үгіт-насихат тобы территориясында 120-дан астам кәсіпорын мен түрлі ұйымдар жұмыс істейтін, өнеркәсіптік-экономикалық аймақ - Астана-Технопаркі ұжымымен кездесті.

"Кездесуге партия төрағасы А.Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, партияның Орталық Кеңесінің мүшелері Е.Ілиясов, Т.Ерғалиев, М.Нагуманов, А.Смағұлов және т.б. қатысты. Сонымен қатар, кездесуде астаналық оқу орындарының студенттері мен оқытушылары болды. Азат Перуашев кәсіпкерлікті қолдау мен жастар саясатына қатысты сайлауалды тұғырнамадағы басты бағыттар мен партияның үгіт-насихат кампаниясының алғашқы жұмыс күндерінің қорытындысы туралы айтып өтті", - деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Үгіт-насихат тобының мүшелері сайлаушылар сауалдарына жауап беріп, кездесуге келгендерді сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны