04.01.2012, 15:28 3477

"Ақ жол" партиясы ЕЭК кіру барысында қазақстандық өндірушілер мен ШОБ өкілдерінің мүдделерін қорғамақ

Дөңгелек үстел барысында Еуразиялық ықпалдастық жобасының саяси, экономикалық және мәдени-ақпараттық аспектілері, Кеден одағы мен ЕЭК аясында қазақстандық бизнесті қолдаудың негізгі бағыттары, сонымен қатар еуразиялық идеяны одан әрі дамытудың келешегі талқыланды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Алматы. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" ЕЭК кіру барысында қазақстандық өндірушілер мен ШОБ өкілдерінің мүдделерін қорғамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жалпы республикамыздың Еуразиялық экономикалық кеңістікке кіруі Қазақстанның экономикалық тұрғыдан дамуына оң әсерін тигізеді. Сөйтсе де, "Ақ жол" партиясы ЕЭК кіру барысында қазақстандық өндірушілер мен ШОБ мүдделерінің қорғалуын талап етпек. Осының барлығы нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың құрылуы кезінде ескерілуі тиіс. Біз ЕЭК біздің өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігін көтеру құралы болуына қол жеткізуіміз қажет",- деп мәлім етті "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев 3-қаңтар күні Алматы қаласында "Еуразиялық экономикалық кеңістік идеясы - өзекті мәселелер мен болашағы" деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында.

Дөңгелек үстел барысында Еуразиялық ықпалдастық жобасының саяси, экономикалық және мәдени-ақпараттық аспектілері, Кеден одағы мен ЕЭК аясында қазақстандық бизнесті қолдаудың негізгі бағыттары, сонымен қатар еуразиялық идеяны одан әрі дамытудың келешегі талқыланды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "шараға партия төрағасы Азат Перуашев, Ресей мен Қазақстанның белгілі саясаткерлері, атап айтқанда Қоғамдық пікірді талдау орталығының директоры Қанат Берентаев, "Альтернатива" Өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, "Абай-ақпарат" қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым, Қоғамдық пікір қорының бас сарапшысы Виталий Седнев (РФ), "Север-ЮГ" саясаттану орталығының бас директоры Юлия Якушева (РФ),ҚР парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Талғат Ибдіжаппаров, Азамат Ибілдаев, Нұрлан Жазылбеков, Светлана Қадырәлиева, Көгершін Жамыканова, Жібек Ижібаева, Күпесбай Жампейсов, Алма Нұрғожаева, Сағиятулла Сарсенов, Арман Евниев, Асылхан Игібаев, Асхат Асылбеков, Телеубек Ерғалиев қатысқан.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы еліміздегі ең ірі партиялық ұйымдардың қатарына кіреді және де республикамыздағы жетекші саяси күштердің бірі болып табылады. Бүгінде ҚДП қатарында 180 мыңнан астам адам бар. Өзінің "Алға жылжу үшін өзгерістер" атты сайлауалды бағдарламасында партия азаматтардың әл-ауқатының өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, экономикалық тұрақтылыққа, халықтың қауіпсіздігіне, білім сапасын көтеруге, медициналық көмектің қол жетімді болуына бағытталған реформалар ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны