11.01.2012, 15:43 12044

"Ақ жол" партиясы өндірістегі басым салалар мен әлеуметтік бағдарламалар үшін сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынады

"АҚ ЖОЛ" партиясы өндірісте еңбек етушілерді отандық экономиканың негізгі тірегі деп есептейді. Біздің сайлауалды тұғырнамада өндірістік кәсіпорындарды қолдау бойынша ұсыныстар жинағы айрықша орын алып отыр. Мысалы, партия рентабельділігіне байланысты өндірістегі басым салалар үшін сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынып отыр", - деп мәлімдеді Азат Перуашев Қарағанды үй құрылысы комбинатының ұжымымен кездесу барысында.

Қарағанды. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы өндірістегі басым салалар мен әлеуметтік бағдарламалар үшін сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АҚ ЖОЛ" партиясы өндірісте еңбек етушілерді отандық экономиканың негізгі тірегі деп есептейді. Біздің сайлауалды тұғырнамада өндірістік кәсіпорындарды қолдау бойынша ұсыныстар жинағы айрықша орын алып отыр. Мысалы, партия рентабельділігіне байланысты өндірістегі басым салалар үшін сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынып отыр", - деп мәлімдеді Азат Перуашев Қарағанды үй құрылысы комбинатының ұжымымен кездесу барысында.

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қаңтар күні партия көшбасшысы Азат Перуашев бастаған "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның Республикалық сайлауалды штабының тобы сайлауалды бағдарламасы аясында Қарағанды үй құрылысы комбинатының ұжымымен кездесті. Үгіт-насихат тобының құрамында "Жетісу" ИКК басқарма төрағасының орынбасары Арман Евниев, ҚР Агроөнеркәсіптік палатасының президенті Асылхан Игбаев, партияның Орталық кеңесінің хатшысы Берік Дюсембинов, белгілі саясаттанушы және журналист Асхат Асылбеков, қоғам қайраткері Сабыр Қасымов және партияның жергілікті филиалының активі болды.

Бұдан басқа партия төрағасы "АҚ ЖОЛ" партиясының әлеуметтік мәселелерге үлкен көңіл бөліп отырғандығын атап өтті.

"АҚ ЖОЛ" партиясының әлеуметтік саясаты нақты іс-әрекеттерге негізделген. Біз қарапайым адамдардың мәселелерін нақты шешуге тырысудамыз: мысалы, бұл декретке шыққан әйел азаматтарға қатысты. Олар үш жылға дейін балаларымен отырады, ал осы уақыт аралығында олардың зейнетақы аударымдары болмайды. Ал, егер әйел адам екі не үш баланы дүниеге әкелсе, зейнетақыға шығу жасына келгенде олардың ер адамдарға қарағанда зейнетақысының көлемі біршама аз болады. Сондықтан "АҚ ЖОЛ" партиясы мемлекеттің сәбилі болған ананың жалақысын негізге ала отырып, өз есебінен декреттік демалыс уақыты кезінде зейнетақы аударымдарын жалғастыруын ұсынады", - деді Асхат Асылбеков.

"Мен қарапайым жұмысшылар отбасынан шықтым, -деді Арман Евниев. - Бала кезімнен босаған гайкаларды бұрап, комбайн мен тракторда жұмыс жасадым. "АҚ ЖОЛ" партиясы қарапайым еңбеккерлерді қолдайды. Бір ғана партияның өкілдері бюджетті өздері бөліп, сосын өздері игеріп және кімнің, қалай игергендігін өздері тексеретін жүйе ешқандай жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан мемлекеттік органдар жұмысының ашық болуы жолында үлесімді қосу үшін мен "АҚ ЖОЛға" келдім".

Қарағандылық жұмысшылар алдында сөз сөйлеген қоғам қайраткері Сабыр Қасымов партияның әлеуметтік бағдарламасына тағы бір мәрте тоқталып өтті. "Бүгінгі күні ресми түрде күн көрістің ең төменгі мөлшері 17 тың теңгені құрайды. Ал мұндай көлемдегі ақшаға кім күн көре алады? Людмила Жуланова бастаған біздің зерттеушілеріміздің тобы объективті мәліметтерді есепке ала отырып, күн көрістің ең төменгі деңгейі 58 мың теңге болуы тиіс екендігін есептеп шығарды", - деп атап өтті депутаттыққа үміткер.

Қарағанды үй құрылысы комбинатының жұмысшылары "АҚ ЖОЛ" партиясының бағдарламасына қолдау білдірді, жас отбасыларды қолдау, жас жұмысшылар үшін техникалық білім алуды мемлекеттік субсидиялау және т.б. бойынша өздерінің бірқатар тілектерін жеткізді.

Одан кейін "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның Республикалық сайлауалды штабының тобы өзінің іс-шараларын Балқаш қаласында жалғастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны