01.01.2012, 12:45 3274

"Ақ жол" партиясы жаңа жыл түнінде спорттық шаралар ұйымдастырды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "іс-шара барлық облыс орталықтарында ұйымдастырылды. Жүгіруге жалпы саны 3 мыңнан астам партияның белсенді мүшелері мен түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан".

Астана. 1-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы жаңа жыл түнінде спорттық шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Салауатты өмір салтын насихаттау және келіп кірген 2012 жылда жұртшылықтың жақсы көңіл-күйін қалыптастыру мақсатында 31 желтоқсанның жаңа жылдық түнінде "Ақ жол" партиясы "Жаңа жылға - Ақ жолмен" - "В Новый год по светлому пути" атты республикалық спорттық шаралар ұйымдастырды. Осылайша "Ақ жол" партиясындағылар өздерінің салауатты өмір салтын ұстанатындарын көрсетті", деп хабарлады Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "іс-шара барлық облыс орталықтарында ұйымдастырылды. Жүгіруге жалпы саны 3 мыңнан астам партияның белсенді мүшелері мен түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан".

"Денсаулығы мықты ұлт қана алдарына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып, оны шеше алады", -деп атап өтті спорттық шараға қатысушылар алдында партия көшбасшысы Азат Перуашев.

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев: "Өз мақсатына ұмтылған ғана жеңіске жетеді. Біз - алға ұмтылушы партиямыз. Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз", - деп айтып өтті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жаңа жылдық жүгіру еліміздің барлық ірі қалаларында ұйымдастырылды. Астанадағы шараға 200-ден астам адам қатысса, Павло-дарда 100, Ақтөбеде 70 адам қатысты. Жүгіруге қатысқан жастар жағы шараның жақсы көңіл-күйде өткендігін айтты".

Алматыдағы жүгіру шарасына әртүрлі бұқара топтарынан 200-ден астам өкіл қатысты. Белгілі қоғам қайраткері Қазыбек Иса: "Бұл жүгіру шарасын барлық азаматтардың құметіне арнаймыз. "Ақ жол" партиясы осындай іс-шаралардың барлық қазақстандықтардың рухы мен спортпен шұғылдану деңгейін көтеретіндігіне сенімді",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны