19.12.2011, 14:15 2648

"Ақ жол" партиясы Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеру бойынша құрылған Мемлекеттік Комиссияның құрамына өз өкілдерін қосуға дайын

Бүгінгі "Ақ жол" партиясы басшылығының ұлттық-патриоттық бірлестіктермен өткен кездесуінде, "Ұлы дала" қозғалысының төрағасы Айдос Сарым Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеруші Мемлекеттік Комиссияның құрамына оның жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдерін қосуды ұсынды.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеру бойынша құрылған Мемлекеттік Комиссияның құрамына өз өкілдерін қосуға дайын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі "Ақ жол" партиясы басшылығының ұлттық-патриоттық бірлестіктермен өткен кездесуінде, "Ұлы дала" қозғалысының төрағасы Айдос Сарым Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеруші Мемлекеттік Комиссияның құрамына оның жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдерін қосуды ұсынды.

"Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашев аталмыш комиссияны құру кезінде Мемлекет басшысының "...ақпараттың мейлінше ашықтығын қамтамасыз етуді, қорытындысы туралы халыққа хабарлауды, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды қатыстыруды" тапсырғандығын атап өтті.

Осы орайда партия төрағасы белгіленген тәртіп бойынша Комиссияның жұмысына қатысу үшін өз өкілдерін жіберуге дайын екендігін айтты.

Желтоқсанның 17-сіне қараған түні қабылданған "Ақ жол" партиясының Мәлімдемесінде "Партия осы оқиғаға орай атқарушы органдардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәрежеде құқықтық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізуін талап етеміз" деп атап көрсетілген.

Қоғам болған жайлар, оның шынайы себептері және ұйымдастырушылары туралы, тіпті ұйымдастырушылар Қазақстанның шегінен тыс жерлерде жүрген болса да, толық ақпарат алуға тиіс".

Осыған орай, "Ақ жолдағылардың" пікірінше, ҚДП-ның беделді мүшелері қатарынан тәуелсіз сарапшыларды тарту Мемлекеттік комиссия жұмысының қоғам үшін шынайылығын, оның ашықтығын және транспаренттілігін қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны