23.12.2011, 09:31 3208

"Ақ жол" партиясы жастар саясаты саласындағы басым бағыты жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту деп санайды

"Соңғы кездері "АҚ ЖОЛ" партиясына кіргендердің басым көпшілігі жастар. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлер, жас мамандар, студенттер, біздің партиялық тізімде Парламент Мәжілісі депутаттығына ең жас үміткер бар, 26 жаста. Ол Еркебұлан Ілиясов, Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, "Жас маман" бірлестігінің көшбасшысы. Осыған орай, партия басшылығы жастармен жұмыс жағын да бір бағыт ретінде ерекшелеп отыр, бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды", - деп атап өтті А.Перуашев.

Астана. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы жастар саясаты саласындағы басым бағыты жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Соңғы кездері "АҚ ЖОЛ" партиясына кіргендердің басым көпшілігі жастар. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлер, жас мамандар, студенттер, біздің партиялық тізімде Парламент Мәжілісі депутаттығына ең жас үміткер бар, 26 жаста. Ол Еркебұлан Ілиясов, Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, "Жас маман" бірлестігінің көшбасшысы. Осыған орай, партия басшылығы жастармен жұмыс жағын да бір бағыт ретінде ерекшелеп отыр, бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды", - деп атап өтті А.Перуашев.

ҚДП баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "21 желтоқсан күні "Жас маман" ҚБ көшбасшысы Еркебұлан Ілиясовтың бастамасымен "АҚ ЖОЛ" ҚДП басшылығының жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесуі өтті. Кездесуге "Жас маман", "Ауыл жас-тары одағы", "Болашақ" және т.б. қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бизнес-қауымдастықтардың жас жетекшілері және кәсіпкерлер қатысты. Олар партия төрағасына үгіт-насихат кампаниясына атсалысуға және партияның жастар қанатының жұмысын жандандыруға дайын екендіктерін айтып, ұсыныс білдірді".

"Кездесуге қатысушылар сайлауалды тұғырнаманың негізгі ережелерін қолдады, оның үстіне партияның бастамашыл жастар тобымен дайындалған көптеген ұсыныстар партияның басты сайлауалды құжатына енгізілген", - деп атап өтті партиядағылар.

""Ақ Жолдың" кәсіпкерлікті дамыту туралы ұсыныстары жастар бизнесін дамыту және тұтас ел экономикасының дамуының жаһандық жетістіктеріне жастардың өз үлестерін қосу бойынша іс жүзіндегі ынталандыру бола алады",- деді "Агромашхолдинг" АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Д.Ким өз сөзінде.

""Жас маман", "Ауыл жастары одағы", "Болашақ" ұйымдарының көшбасшылары "АҚ ЖОЛ" партиясымен экономикадағы жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту салаларында партия мен жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың негізі болатын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Кездесу соңында Азат Перуашев жас әріптестерін алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны