05.01.2012, 16:14 3555

"Ақ жол" партиясының Астанада өткен отырысында ЖСДП бұрынғы мүшелерін партия құрамына қабылдау туралы мәселе талқыланды

"Осыған байланысты Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы Төралқасының Астанада өткен отырысында аталған адамдардың Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясына мүшелікке қабылдау туралы өтініштері қаралды",- деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Астана. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының Астанада өткен отырысында ЖСДП бұрынғы мүшелерін партия құрамына қабылдау туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ЖСДП Алматы филиалының лидерлері - "Азат" ЖСДП Алматы облыстық филиалының бұрынғы төрағасы Нұрлан Айшымбаев, сол филиал кеңесінің мүшелері - Марат Ырғалиев, Ермек Мырзахметов пен Нұрлан Шудабаев ЖСДП басшылығының саясатымен келіспейтіндігіне байланысты өздерінің ЖСДП-дан шығатыны туралы мәлімдеп, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясына кіру туралы өтініш жасаған болатын.

"Осыған байланысты Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы Төралқасының Астанада өткен отырысында аталған адамдардың Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясына мүшелікке қабылдау туралы өтініштері қаралды",- деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, партия төрағасы Азат Перуашевтің сайлау алдындағы сапармен, ел аралап, отырысқа қатыса алмауына байланысты ҚДП Төралқасының отырысын төрағаның орынбасары Ерлан Барлыбаев басқарған.

"Төралқа келіп түскен өтініштерді зерделеп, "Марат Ырғалиевтің, Ермек Мырзахметовтің және Нұрлан Шудабаевтың Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясына мүшелікке қабылдау туралы өтініші қанағаттандырылсын" деп қаулы етті",- деп айтылған таратылған хабарламада.

Сонымен бірге, сайлау алдындағы адал бәсекелестік принципін басшылыққа ала отырып, Төралқа моральдық-этикалық себептерге байланысты, "Азат" ЖСДП Алматы филиалының бұрынғы төрағасы Нұрлан Айшымбаевтың өтінішін қарауды парламенттік сайлау аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдады.

Нұрлан Айшымбаевтың бұрын Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясында мүшелікте болғанын, осыған байланысты әңгіме партияға қабылдау туралы емес, мүшелігін қалпына келтіру туралы екендігіне тоқталып, оның басқа рәсім бойынша жүргізілетіндігіне Төралқа мүшелерінің назарын аударды. Соның ішінде, "Нағыз Ақ жол" партиясының бөлінуі кезеңінде Н. Айшымбаевтың партиядан шығу жағдайын қосымша зерделеу қажет екендігін айтып өтті партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланова.

"Жікке бөліну кезеңінде партиядан шығып кету партиядағы мүшелікті қалпына келтіруге кедергі болмайды", деп санайтындығын жеткізді Е. Барлыбаев. Оның үстіне, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы бұрын түрлі себептермен партиядан шығып қалған мүшелерінің қайта өзіне қосылуына мүдделі. Бұл табиғи үрдіске айналып барады: 2011 жылдың жаз айларынан бері "Ақ жолға" 30 мың адам кірді, қайта оралғандардың мыңға жуығы, 2005-2007 жылдардағы жікке бөліну кезінде кеткен және негізінен "Нағыз Ақ жол" мен ЖСДП-да мүше болғандар.

"Бұл адамдар тек партбилеттерін қалпына келтіріп қойып жатқан жоқ, партияда белсенді рөл атқаруда. Алматы облысындағы бірінші болып жатқан жағдай емес: бұған ұқсас мысалдар басқа облыстарда да болған. Тіпті, Солтүстік Қазақстанда ЖСДП болып қайта құрылғанда "Нағыз Ақ жолға" шығып кеткен Дмитрий Подковыров осыдан екі ай бұрын мүшелігін қалпына келтіргеннен кейін Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы облыстық филиалының - төрағасы, ал оның әріптесі филиал кеңесінің мүшесі болып сайланды", - деп атап өтті Меруерт Қазбекова.

"ЖСДП Алматы филиалының бұрынғы лидерлерінің өз әрекеттерінің себептері жөнінде баспасөз конференциясы барысында айтқан түсіндірмелеріне Төралқа мүшелерінің назарын аударды: "БАҚ-тың хабарлағанындай, Марат Ырғалиев журналистердің сұрағына, оның таңдауына "Ақ жол" партиясының оппозициядағы біріктіруші және орнықты рөлі себепші болды" деп жауап берді. Ал біз осындай ұмтылыс жасап отырғандардан теріс айналмай, оларды ақтап, жаңа жақтастарды біріктіру үшін өз мүмкіндіктерімізді толық ашып, пайдалануымыз керек", деп қорытындылады Ерлан Барлыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны