23.12.2011, 14:39 3874

"Ақ жол" партиясының қызметінің басым бағыты халықаралық стандарттарға сай әлеуметтік стандарттар жасау

"Бүгін Ақ Жол партиясының орталық кеңсесінде: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету проблемалары. Жетім балалардың, мүгедектердің, күнкөрісі төмен адамдардың әлеуметтік бейімделуі үшін лайықты жағдай жасау" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті",- деп хабарлады Ақ жол партиясының баспасөз қызметінен.

Астана. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының қызметінің басым бағыты халықаралық стандарттарға сай әлеуметтік стандарттар жасау, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін Ақ Жол партиясының орталық кеңсесінде: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету проблемалары. Жетім балалардың, мүгедектердің, күнкөрісі төмен адамдардың әлеуметтік бейімделуі үшін лайықты жағдай жасау" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті",- деп хабарлады Ақ жол партиясының баспасөз қызметінен.

"Ақ жол" партиясы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты азаматтардың материалдық әл-ауқатын үздіксіз арттыру болуға тиіс деп есептейді. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету реформасын дәйектілікпен жүргізу - мемлекеттің ішкі саясатының негізгі басымдығы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық үшін оның жауапкершілік саласы. Зейнетақымен қамтамасыз ету - осы тізбектің негізгі буындарының бірі.

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі қолданылады: жасына қарай базалық жәрдемақы және бюджет қаражаты есебінен төленетін ортақтас (еңбек) зейнетақы, жинақтаушы және ерікті. "Бұдан бұрынғы реформалардың шығыс параметрлерінің және зейнетақының қайта есептерінің жаңылыс есептелуіне, халықтың қартаю проблемасына, өзге де себептерге байланысты объективті және субъективті фак-торларды ескерген жағдайда зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дағдарысының белгісі айқын бола бастады" деп атап айтты "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Л. Жу-ланова.

"Ақ жол" партиясы зейнетақымен қамтамасыз етудің барлық үш деңгейінде туындаған проблемаларды шешу қажет деп есептейді. Жалпы алғанда зейнетақы жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. Өте маңызды есеп айырысулар негізінде қазіргі заманғы, теңдестірілген зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімдік стратегиясын әзірлеу қажет. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімді жұмыс істеуін көздейтін ұзақ мерзімдік бағдарлама қабылдау, жинақтаушы зейнетақы қорларының кірістілігін арттыра-тын институционалдық механизмін әзірлеу, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту.

"Саны 6-8-ден аспайтын қорды сақтап, жинақтаушы зейнетақы қорларын ірілендіру, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әкімшілік шығыстарды азайту ұтымды болады деп есептейміз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықтың зейнетақы жинақтарының нақты жағдайына мониторинг және болжам жасауына жауапкершілігін арттыру қажет. Өз қызметкерлеріне ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын аударған жұмыс берушілер үшін ынталандыру шаралары жасалуға тиіс", - деп мәлімдеді Л. Жуланова. Жұмыс істеп жүріп зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын аударған азаматтарды мемлекет ынталандыра алады. Осы қызметкер енгізген сомаға сай олардың зейнетақы қорына республикалық бюджеттен аудару не үшін қажет. Зейнеткерлік жастағы адамдарды экономика саласындағы жұмысқа тарту практикасын кеңейту қажет.

Жетім балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, күнкөрісі төмен адамдарға лайықты жағдай жасау үшін Үкімет шаралар кешенін қабылдауға тиіс. "Тұрғылықты жері белгісіз адамдар үшін мемлекет есебінен және сондай-ақ жеке бизнестің қатысуымен баспана, кәмелетке толмағандарға бейімдеу орталықтарын, интернат-үйлер үлгісіндегі пансионат-тар салу практикасын елеулі түрде кеңейту қажет. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қажетті құралдармен (пандустар, автобустар, вагондар, қоғамдық орындарда арнайы бейімделген жерлер) қамтамасыз ету жөнінде шаралар жүйесін әзірлеу, олардың бейімделуі үшін өзге де жағдайлар жасалуы тиіс"- деп атап айтты "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Л. Жуланова.

Жергілікті атқарушы органдар жетім балаларды тұрғын үй беру тізіміне міндетті түрде енгізуге тиіс. Жетім балаларды олардың тұруы үшін отбасыларға беру жөніндегі жүйелі жұмысты қамтамасыз ету өте маңызды. Талқылау қорытындысы бойынша ҚР ЕжХИҚМ мен үкіметке ұсыным қабылданды.

Осы жәйіттердің бәрі "Ақ жол" партиясының сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген. Партия өз қызметінің ең басым бағыты халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік стандарттарды жасау деп есептейді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына жинақтаушы зейнетақы қорларының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінң өкілдері, қала кәсіпорындарының басшылары, ҮЕҰ өкілдері, осы проблемаларды шешуге тиіс қызметтер қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны