17.12.2011, 11:36 3394

"Ақ жол" партиясының республикалық және 16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті

"Республикалық және 16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 204 жеке штабы құрылды. Республикалық желілік график негізінде өңірлік штабтардың графиктері жасалып, бекітілді",- деді сайлау науқаны бірінші күнінің қорытындысы шығарған "АҚ ЖОЛ" партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - . Республикалық және 16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 204 жеке штабы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Республикалық және 16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 204 жеке штабы құрылды. Республикалық желілік график негізінде өңірлік штабтардың графиктері жасалып, бекітілді",- деді сайлау науқаны бірінші күнінің қорытындысы шығарған "АҚ ЖОЛ" партиясының төрағасы Азат Перуашев.

"Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық партиясының бүгін өткен отырысында сайлау науқаны бірінші күнінің қорытындысы шығарылды",- деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Берілген ақпараттарға сүйенсек, "штаб мүшелері арасынан жедел үгіт топтары құрылды. "Республикалық желілік график бойынша науқанның 3 толқыны көзделген. Бұл толқынның жалпы бағыты - ауылдардан, ауылдық аудандардан орталыққа",- деп атап айт-ты штаб басшысы А. Перуашев. Өңірлік штабтардан түскен ақпараттар бойынша, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының еңбек ұжымдарында және ауылдық елді мекендерде сайлаушы-лармен кездесу өткізілген. Кездесулерде партияның сайлауалды тұғырнамасы түсіндіріліп ғана қоймай, келіп түскен сұрақтарға жауаптар да берілген. Келіп түскен сұрақтарды қорыту мен талдау және жедел топтарды қолдау үшін штабтарда бағыттар бойынша талдау топтары құрылған. Бүгінгі түскен сұрақтарға талдау, негізінен, бағаның өсу проблемасына, азаматтардың табыстарына, жұмысқа орналастыруға, қолжетімді тұрғын үйге байланысты. Салық салуға және кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына, сыбайлас жемқорлық пен мәжбүрлеп алуға, сот шешімдерінің даулылығына қатысты сұрақтар жеке блокпен келіп түсуде".

"Республикалық желі кестесі бойынша науқан 3 толқында өтеді. Осы толқындардың ортақ бағыты - ауылдар мен аудандардан бастау алып, орталыққа бет бұрмақ", - деп атап өтті партия төрағасы.

"Партия басшылығы Орталық сайлау комиссиясының әрекеті туралы штаб мүшелерін хабардар етіп, оның партияны ресми түрде хабардар етпей, олимпиада чемпионы Б. Сәрсекбаевтың және жазушы Смағұл Елубайдың кандидатурасын партиялық тізімнен алып тастағаны туралы БАҚ арқылы жариялағанын айтты", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Заңды мүлтіксіз орындайтын азаматтар ретінде біз қандайда бір қорытынды шығармастан бұрын осы мәселе бойынша ОСК-нің ресми хатын күтеміз", - деп мәлімдеді А. Перуашев. Солай бола тұрса да, Жарғыға сәйкес партияның Орталық Кеңесі Бақыт Сәрсекбаевтың штаб құрамында қалатындығын, Орталық Кеңестің құрамы оның кандидатурасымен толықтырылғандығын және ол сайлауалды жарысқа басшылықтың мүшесі және партияның сенім білдірілген адамы ретінде қатысатыны туралы шұғыл шешім қабылдады. Бұл орайда Бақыт Сәрсекбаев жастар саясаты мен спорт мәселелерін басқаратын болады".

Баспасөз қызметі "АҚ ЖОЛ" партиясы тек адал рәсімдерге ғана емес, ең алдымен - сайлаушыларды дауыс беруге белсенді түрде қатысуға шақыру қажет, деп есептейтіндігін еске сала кетті. "АҚ ЖОЛ" партиясы, осы сайлау Қазақстанның адал, ашық және әділ сайлау өткізуге қабылеттілігінің айғағы, өскелең саяси мәдениеттің және біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығынан кейін халықаралық демократиялық дәстүрлер мен стандарттарға бейімділігінің көрінісі болуға тиіс деп есептейді. Бұл сайлау Елбасының бастамасымен елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы және тәуелсіз Қазақстан тарихында демократиялық дамудың жаңа дәуірінің басталуы болуға тиіс.

Штаб мүшелерін Тәуелсіздіктің 20-жылдығымен құттықтай отырып, "Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз бен біздің қоғамымыз айтарлықтай табыстарға қол жеткізді және зор мүмкіндіктерге ие болды. Табысқа ілесе біздің мемлекеттігіміздің уақтылы және лайықты назар аударуды талап ететін қажеттіліктері де пайда болды. Қазақстан атқарылған істермен мақтанып қана қоймай, қатардағы азаматтардың өмірін жақсарту жолында жұмыс істеп, қоғам мен мемлекеттің тыныс-тірішілігінің барлық салаларында жаңа көзқарастар іздеуі қажет. Дәл осы мақсатпен "АҚ ЖОЛ" партиясы парламентаризмнің демократиялық институттары арқылы әрбір қазақстандықтың және әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасының тұрақты әрі қарқынды жақсаруына қол жеткізу үшін осы сайлауға түсіп отыр",- деп атап көрсетті партия төрағасы Азат Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны