11.04.2012, 14:31 3601

"Ақ жол" партиясының төрағасы Өскеменде сайлаушылармен кездесу өткізді

"Ақ жол" партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі А.Перуашев пен Фракция жетекшісінің орынбасары А.Ибілдаев партияның облыстық активімен, партияның облыстық филиалы Кеңесінің мүшелерімен, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесті. Іс-шараларға партияның ОК президиумының мүшесі А.Линник, Орталық Кеңестің ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі хатшысы И.Сұлтанов, партияның ОК мүшесі Б.Сәрсекбаев және "Ақ жол" партиясының ШҚО филиалының төрағасы Т.Құрманғалиев қатысты.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" партиясының парламенттік фракциясының өкілдері Азат Перуашев пен Азамат Ибілдаев Шығыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ақ жол" партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі А.Перуашев пен Фракция жетекшісінің орынбасары А.Ибілдаев партияның облыстық активімен, партияның облыстық филиалы Кеңесінің мүшелерімен, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесті. Іс-шараларға партияның ОК президиумының мүшесі А.Линник, Орталық Кеңестің ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі хатшысы И.Сұлтанов, партияның ОК мүшесі Б.Сәрсекбаев және "Ақ жол" партиясының ШҚО филиалының төрағасы Т.Құрманғалиев қатысты.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің халыққа Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндірді және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, соның ішінде "Ақ жол" ҚДП фракциясының қызметі туралы айтып берді. Мәжіліс депутаттары қаралып жатқан заң жобаларына және акжолдықтардың депутаттық сауалдарына қатысты ақпарат берді. Атап айтқанда банктік несиелер, қаржы пирамидаларына қатысты заңның қажеттігі, ипотекалық несие алғандардың құқығын қорғау, жекешелендіру купондары және т.б. туралы. Сондай-ақ Фракция депутаттарының бастамасымен көтеріліп, сараптама үшін Үкіметке жіберілген мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөніндегі заң жобасы, парламенттік оппозиция туралы заң жобасын енгізу жөніндегі бастама туралы айтылды.

Кездесуде облыстарда партияның жергілікті депутаттарының кеңесін құру, қоғамдық қабылдау бөлмелерін ұйымдастыру туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар ШОБ-қа салық салу, несиелер мен субсидиялардың мақсатқа сай пайдаланылуы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдық жерлерде ғаламтордың қажеттілігі туралы да сауалдар қойылды.

Күннің екінші жартысында Мәжіліс депутаттары ШҚО қоғамдық кеңесімен, саяси партиялар мен ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен кездесті. Депутаттар аймақтарды дамыту төңірегіндегі Жолдаудан шығатын міндеттер туралы сөз қозғады. Экология, моноқалалар проблемасы, индустриалды-инновациялық даму, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік сатып алу, аймақты газдандыру мәселелері айтылды. Сондай-ақ қолжетімді баспана, ТҮКШ жаңғырту, зейнеткерлікке шығу жасын көтеру, мемлекеттік тілді қолдау тақырыптары бойынша да көптеген сауалдар болды.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаттары азаматтардың ұсыныстары мен сапар нәтижесі бойынша алынған ақпараттың өздерінің және "Ақ жол" ҚДП фракциясының алдағы қызметінде қаралып, пайдаланылатындығы туралы айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны