11.01.2012, 16:33 3993

"Ақ жол" партиясының жетістікке жетуіне орта буын мен кәсіпкерлікті қорғау ықпал етті

"Альтернатива" АЗО директоры "Ақ жол" партиясының жетістікке жетуіне орта буын мен кәсіпкерлікті қорғау ықпал етті, деп санайды.

Алматы. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының жетістікке жетуіне орта буын мен кәсіпкерлікті қорғау ықпал етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Альтернатива" АЗО директоры "Ақ жол" партиясының жетістікке жетуіне орта буын мен кәсіпкерлікті қорғау ықпал етті, деп санайды.

Естеріңізге сала кетсек, "Альтернатива" АЗО өткен аптада блиц-сауалнама жүргізіп, сайлауға қатысатын партиялардың сайлауалды рейтингсін шығарған болатын. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 1200 жуық адам тартылған.

"Нәтиже келесідей болды: бірінші орында Қазақстан Республикасы президентінің партиясы "Нұр Отан" (78,2 пайыз), екінші орында "Ақ жол" партиясы14 пайыздан артық дауыс жинаған. Жалпы, зерттеу сайлаушылар белсенділік танытып, өздерінің партиялық-саяси таңдауларын айтудан қорқайтындықтарын көрсетіп отыр. Менің пайымдауымша, "Ақ жол" партиясының рейтингісі партияның ұтымды саяси ребрендин жүргізуіне негізделген. "Ақ жол" партиясының жетістікке жетуіне орта буын мен кәсіпкерлікті қорғау ықпал етті",- деген пікірін білдірді "Альтернатива" АЗО басшысы Андрей Чеботарев.

"Ал "Ақ жол" партиясынан кейінгі ҚКХП рейтингісіне келетін болсақ, бұл олардың әділеттілігінің арқасы деп айта алмаймын. "Халық коммунистері" бүкіл республика бойынша айтарлықтай агрессивті пиар-науқан жүргізуде. Сонымен қатар, олар Ғазиз Алдамжаровтың басқаратын Қазақстанның компартиясының дауысына арқа сүйеп отыр. Сөйтсе де ҚКХП "Ақ жол" партиясының рейтингісіне жетуіне әлі алыс. Бұған біздің жүргізген зерттеулеріміз де дәлел. Зерттеу нәтижелері бойынша олар 2,5 пайыз кейін қалып отыр",- деп хабарлады "Альтернатива" АЗО басшысы Андрей Чеботарев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны