17.12.2011, 15:21 11186

"Ақ жол" Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздік орнатқандар мен оны ұйымдастырғандардың іс-әрекетін үзілді-кесілді айыптап отыр

"БАҚ хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында 16-шы желтоқсан - Тәуелсіздік күні наразылықтарын білдіру мақсатында шеруге шыққан бірқатар азаматтардың әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Олар тәртіп сақшыларына қарсы шығып, мемлекет мүлкін шығынға ұшыратты. Жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қалалық және ауылдық әкімдік ғимараттары, қонақ үйлер, "Өзенмұнайгаз" компаниясының әкімшілік ғимараты өртенді. Ең қорқыныштысы: қан төгілді, адамдар зардап шегіп, мерт болды. "Ақ жол" ҚДП қайтыс болғандардың туастары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады",- деп айтылған партияның жария еткен мәлімдемесінде.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" ҚДП Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздік орнатқандар мен оны ұйымдастырғандардың іс-әрекетін үзілді-кесілді айыптап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"БАҚ хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында 16-шы желтоқсан - Тәуелсіздік күні наразылықтарын білдіру мақсатында шеруге шыққан бірқатар азаматтардың әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Олар тәртіп сақшыларына қарсы шығып, мемлекет мүлкін шығынға ұшыратты. Жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қалалық және ауылдық әкімдік ғимараттары, қонақ үйлер, "Өзенмұнайгаз" компаниясының әкімшілік ғимараты өртенді. Ең қорқыныштысы: қан төгілді, адамдар зардап шегіп, мерт болды. "Ақ жол" ҚДП қайтыс болғандардың туастары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады",- деп айтылған партияның жария еткен мәлімдемесінде.

"Бұл акцияның тура Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу үстінде жасалуы, олардың әрекетінің қыр көрсету сипатын байқатады. Сондай-ақ олар тәуелсіз мемлекетті 20 жыл бойы маңдай терлерімен құрған мыңдаған қазақстандықтардың құндылықтарына қарсы көзқарас танытып отыр",- деп мәлім етті ҚДП.

Осыған байланысты Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясы келесідей мәлімдеме жасайды:

1. Біз тәртіпсіздіктің бастамашыларының құқыққа қайшы іс-әрекетін үзілді-кесілді айыптаймыз.

2. Біз бір де бір адам немесе топ өз мүддесі үшін бейбітшілік пен адамдардың тыныштығын құрбан етуге; миллиондаған қазақстандықтардың тәуелсіз мемлекет құрудағы ерен еңбегін елемеуге қақысы жоқ.

3. Біз Тәуелсіздік ұстанымын ұстанамыз, және де елдің кез келген аймағында билікті күшпен басып алуға жол берілмейтіндігі туралы мәлімдейміз.

4. Біз мемлекеттік органдарды саяси жігер танытып, Жаңаөзен қаласындағы заңдылықтарды қалыптастыруға шақырамыз.

5. Біз құқық қорғау органдарынан Жаңаөзен қаласында, жалпы Қазақстан аумағында заңдылықты қалыптастыру барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді талап етеміз.

6. Біз осы оқиғаға орай атқарушы органдардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәрежеде құқықтық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізуін талап етеміз.

Қоғам болған жайлар, оның шынайы себептері және ұйымдастырушылары туралы, тіпті ұйымдастырушылар Қазақстанның шегінен тыс жерлерде жүрген болса да, толық ақпарат алуға тиіс.

7. Заңдылықты қалпына келтіруден басқа, біз адамдарды құқықтық нигилизмге итермелейтін әлеуметтік алғышарттарды тұрмыс деңгейін көтеру, жұмысқа орналастыру проблемасын шешу, қолжетімді тұрғын үй, жастар үшін өмірлік перспектива жасау жолымен еңсеру жөнінде батыл шаралар қолдануға шұақырамыз. Күнкөрісі төмен отбасыларды әлеуметтік қорғауды айтарлықтай күшейту, әлеуметтік әділеттілік принциптерін іске асыру арқылы ең байлар мен ең кедейлер арасындағы табыс деңгейінің алшақтығын азайту жөнінде қадамдар жасалуы қажет.

8. Біз экстремизм мен құқықтық нигилизм проблемаларын талқылау үшін "Қазақстан-2020" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының кезектен тыс отырысын шақыруды қайтадан талап етеміз.

Біз барлық саяси бірлестіктерді алауыздықты қоя тұрып, әрбір қазақстандық үшін қастерлі қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі мәселесін қарауға қатысуға шақырамыз",- деп мәлімдеді Қазақстанның "Ақ жол" демокартиялық партиясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны