26.12.2006, 17:57 2470

"Ақ жол" және "Иділет" республикалық саяси партиялары бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайды

АСТАНА. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. "Ақ жол" және "Иділет" Республикалық саяси партиялары бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігінің тілшісі.

"Изірге партиялардың бірігуі туралы шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселені партия мүшелері партиялардың съезінде қарастыратын болады. Алайда, мұндай мүмкіндікті әсте жоққа шығаруға болмайды", деді "Иділет" партиясының тең төрағасы Мақсұт Нәрікбаев. Оның айтуынша, "егер ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру барысында партия бағдарламаларын іске асыру жолында және жалпы баға беруде ешқандай алшақтық болмаса" , онда бірігу туралы мәселе нақтырақ талқыланатын болады.

"Ирине , парламент сайлауы жақындай бастағанда, лайықты серіктестік іздестіру процесі басталады, бұл заңды нәрсе, тіпті блок немесе альянс құруымыз да мүмкін", деп атап өтті өз кезегінде "Ақ жол" партиясының төрағасы Илихан Бәйменов.

Журналистердің сауалдарына жауап бере келе, И.Бәйменов пен М.Нәрікбаев өз партияларының "Отан" РСП қосылу мүмкіндігін жоққа шығарды.

"Иділет" партиясының жетекшісі: "біз партияның саяси кеңесінде бұл мәселені талқылап, "Отан" саяси партиясымен бірікпейтін боп келістік",-деді.

"Біздің партия үшін де бұл айқын жағдай. "Отанмен" қосылу мәселесі күн тәртібіне қойылған емес, қойылмайды да", деді "Ақ жол" партиясының төрағасы И.Бәйменов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны