11.04.2012, 17:25 3516

"Ақ жол" "Жастар Парламентінің" мүшелерімен бірлесе отырып қараусыз қалған үй жануарларын бақылауға алуды қарастыратын заң жобасын әзірлемек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" ҚДП фракциясы мүшелері Нұрлан Жазылбеков пен Сағиятулла Сәрсенов Алматы қ. сайлаушыларымен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды "Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметінен.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - "Ақ жол" "Жастар Парламентінің" мүшелерімен бірлесе отырып қараусыз қалған үй жануарларын бақылауға алуды қарастыратын заң жобасын әзірлемек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" ҚДП фракциясы мүшелері Нұрлан Жазылбеков пен Сағиятулла Сәрсенов Алматы қ. сайлаушыларымен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды "Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметінен.

Иуелі депутаттар №144 мектеп-гимназияның ұстаздарымен және оқушыларымен, түстен кейін Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институты (КИМЭП) жанындағы "Жастар Парламенті" қоғамдық бірлестігінің белсенділерімен және мүшелерімен жүздесіп, пікір алмасты.

Кездесу барысында Қазақстандағы жоғары және орта білім беру мәселелері талқыға салынды. Қазіргі жастар саясаты төңірегінде әңгіме өрбіді. Нұрлан Жазылбеков өз сөзінде: "Адамның өсіп-жетілуі, оның мінезі мен тұлға ретінде қалыптасуы мектеп қабырғасынан басталады. Мектептен алған тәлімі адамның әрі қарайғы өмір жолына тікелей әсер етеді. Сондықтан ел Президенті білім беру жүйесі мен жастар саясатын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр",- деді.

"Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі - бұл қазіргі Қазақстанның маңызды міндеттерінің бірі",- деді депутат Елбасы Жолдауындағы жетінші міндетті алға тарта отырып. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді. Білім беру жүйесін жаңғыртуға, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға, қол жетімді білім алуға қаржы бөлінуде. Басқосуға қатысушылар осы мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Депутаттар"Ақ жол" ҚДП фракциясының Мәжіліс қабырғасында атқарған қызметтерінің алғашқы нәтижелеріне тоқталды.

Жастар өкілдерімен Парламент Мәжілісінің қоржынында жатқан мемлекеттік жастар саясаты мәселері туралы заң жобасының негізгі ережелерін талдап, ой бөлісті.

Сонымен қатар кездесуде "Жастар Парламентінің" мүшелері қараусыз қалған үй жануарларын бақылауға алу және санын реттеуге қатысты заң қабылдау мәселесін көтерді. Заң жобасының авторы Наталья Соколова өз сөзінде бұның біздің қоғамдағы назар аударатын мәселе екенін алға тартты.

Мәжіліс депутаты Сағиятолла Сәрсенов "Ақ жол" ҚДП фракциясымен бірлесе отырып, осы бағытта жұмыс істеу жөнінде ұсынысын айта келіп, заң жобасын дайындауға және оны Парламентке ұсынуда бастамашы болуға дайын екендігін мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны