12.04.2012, 17:31 3509

"Ақ жолдық" депутаттар Алматы облысының кәсіпкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті

"Ақ жол"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" ҚДП фракциясының мүшелері Сағиятулла Сәрсенов пен Нұрлан Жазылбеков Алматы қаласының сайлаушыларымен кездесуде.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - "Ақ жолдық" депутаттар Алматы облысының кәсіпкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" ҚДП фракциясының мүшелері Сағиятулла Сәрсенов пен Нұрлан Жазылбеков Алматы қаласының сайлаушыларымен кездесуде.

1 сәуір күні "Ақ жол" ҚДП-ның Алматы қалалық филиалы жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Ақ жол" ҚДП фракциясының мүшелері С.Сәрсенов пен Н.Жазылбековтың азаматтарды қабылдауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, депутаттар Д.Қонаев атындағы университеттің студент жастарымен және профессор-оқытушылар құрамымен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қызметкерлерімен және Алматы бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Аталған шараларға "Ақ жол" ҚДП төрағасының орынбасарлары Талғат Ибдіжаппаров пен Бөріхан Нұрмұхамедов қатысты.

Азаматтарды қабылдау кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Сәрсенов пен Н.Жазылбеков алматылықтардың өзекті деген сауалдарына жауап берді. Қалалықтарды көбіне жаңа балабақшалар, мектептер мен емханалардың салынуы, шаһар шетіндегі инфрақұрылымды дамыту жағдайлары ойлантып отыр. Сондай-ақ, азаматтардың өздеріне қатысты жеке өтініштері де болды: мүмкіндігі шектеулі жандар үшін подъездерде электр көтергіштерін орнату, баспана алуға, тіркелуге және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету туралы. Депутаттар алматылықтарды зейін сала тыңдай отырып, толқытып жүрген сауалдарына жауап берді. Ұсыныстары мен талап-тілектерін қаперлеріне алды.

Қоғамдық қабылдаудан кейін депутаттар Д.Қонаев атындағы университеттің студент жастарымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесуде "Ақ жол" партиясының парламенттік фракциясының депутаттары жиналғандарды Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды, оның ішінде білім саласындағы мәселелерге тоқталды. ЖОО өкілдері университеттің құрылу тарихы жайлы, мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың еңбегі мен жетістіктері туралы айтып өтті және қазіргі кездегі орын алып отырған мәселелермен бөлісті.

Бағдарлама "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қызметкерлерімен және Алматы бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен өткен кездесумен аяқталды. Кездесу барысында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының іске асырылу мәселелері талқыланды. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының үлкен болашағы бар. Қазірдің өзінде алғашқы нәтижелері көрініп тұр, қазақстандық кәсіпорындарға нақты көмек көрсетілуде. Дегенмен бүгіннің өзінде бұл бағдарламаға қатысты бірқатар мәселелер мен сұрақтар бар. Бұл кәсіпкерлікті қолдаудағы маңызды бағдарламалардың бірі болып табылатындықтан, бүгінгі күні біз олардың шешілуі үшін жәрдемдесуге күш салудамыз", - деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының іске асырылу мәселелері, субсидияланған жобалардың сапасы мен саны және қазақстандық кәсіпорындардың негізгі проблемалары талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны