19.12.2011, 16:45 3540

Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымы "Ақ жол" партиясының Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған мәлімдемесін қолдады

"Астанада "Ақ жол" ҚДП-ның үгіт-насихат тобының аймақтағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі - Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесуі болды. Партия төрағасы Азат Перуашев кәсіпорынның мамандары мен жұмысшыларын партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелерімен таныстырды, сайлаушылардың сауалдарына жауап берді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымы "Ақ жол" партиясының Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған мәлімдемесін қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Астанада "Ақ жол" ҚДП-ның үгіт-насихат тобының аймақтағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі - Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесуі болды. Партия төрағасы Азат Перуашев кәсіпорынның мамандары мен жұмысшыларын партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелерімен таныстырды, сайлаушылардың сауалдарына жауап берді. Иңгіме барысында Жаңаөзен қаласында орын алған оқиға да қозғалды, осыған байланысты Азат Перуашев 16 желтоқсан күні кешкілік ҚДП-ның шұғыл шақырылған Президиумымен қабылданған осы сұрақ бойынша партияның арнайы мәлімдемесін оқып берді (қосымша). Көрсетілген мәлімдемеде "Ақ жол" ҚДП Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаны айыптады, болған жағдайды қоғам үшін толық және ашық түрде тергеуге шақырды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Ақ жол" ҚДП-ның үгіт-насихат тобымен кездесу кезінде Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымы Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған мәлімдемесін бірауыздан дауыс беріп қолдады",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

"Кездесуге қатысқандардың пікірінше, кез келген мемлекет үшін өмір қауіпсіздігінің, азаматтардың жеке және мүліктік құқының, қоғамдық тыныштықтың кепілі ең бастысы болып табылады. Егер олар қамтамасыз етілмесе, барлық қалған мәселелер екінші деңгейлі болып табылады, себебі халық пен қоғамда ертеңгі күнге және туған-туыстарының қауіпсіздігіне сенімі болмаса, даму, алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою туралы айту мүмкін емес",- деп атап көрсетті ҚДП.

Сонымен қатар баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "жиналғандарды әсіресе ҚДП-ның жас отбасыларды әлеуметтік қолдау, қолжетімді баспана, экономикалық саясат және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша ұсыныстары қызықтырған".

Кездесу барысында партияның Орталық кеңесінің мүшелері Меруерт Қазбекова, Хаджи-Мурат Льянов, Еркебұлан Ілиясов, Бақыт Сәрсекбаев, Талғат Ерғалиев, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері Исем Ибенова, Абулкасен Балтабаев, Марат Калауденов, сонымен бірге партияның ОК мүшесі, "Ақмола вагон жөндеу зауыты" АҚ қаржы директоры Асқар Смағұлов сөз сөйледі.

Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясының мәлімдемесі

Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында БАҚ-тың хабарлауы бойынша Жаңаөзен қаласының қалалық алаңында Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеп жатқан азаматтарға шабуыл жасалғаны белгілі болды. Қалалық әкімдіктің және қалаға негіз болған кәсіпорынның ғимараты өртелген, тұрғын үйлер және коммерциялық объектілер тонаушылық пен талаушылыққа ұшыраған.

Ең қорқыныштысы: қан төгіліп, адамдар өліп, зардап шекті.

Бұл акцияның тура Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу үстінде жасалуы, олардың әрекетінің қыр көрсету сипатын байқатады және олардың ұйымдастырушылары мен орындаушыларының Қазақстан мемлекеттілігімен бірге еместігін көрсетеді. Оның үстіне: олар өздерінің көзқарасын 20 жыл бойы өз еңбегімен тәуелсіз мемлекетті құрған миллиондаған қазақстандықтардың құндылықтарына қарсы қойып отыр.

Осыған байланысты Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы мыналарды мәлімдейді:

1. Біз тәртіпсіздіктің бастамашыларының құқыққа қайшы іс-әрекетін үзілді-кесілді айыптаймыз.

2. Біз бірде-бір адам немесе адамдар тобы өзінің шамшылдығымен адамдардың татулығы мен тыныштығын құрбан етуге; тәуелсіз мемлекет құрып жатқан миллиондаған қазақстандықтардың еңбегін елемеуге құқылы емес екенін нық сеніммен айтамыз.

3. Біз Республикамыздың Тәуелсіздігіне, конституциялық құрылысына және демократьиялық институттарына бейіл екендігімізді білдіреміз және еліміздің кез келген нүктесінде билікті күшпен басып алуға жол беруге болмайтындығын мәлімдейміз.

4. Біз мемлекеттік органдарды саяси ерік-жігер көрсетуге және Жаңаөзен қаласында заңдылықты қалпына келтіруге шақырамыз.

5. Біз құқық қорғау органдарынан Жаңаөзен қаласында, жалпы Қазақстан аумағында заңдылықты қалыптастыру барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді талап етеміз.

6. Біз осы оқиғаға орай атқарушы органдардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәрежеде құқықтық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізуін талап етеміз.

Қоғам болған жайлар, оның шынайы себептері және ұйымдастырушылары туралы, тіпті ұйымдастырушылар Қазақстанның шегінен тыс жерлерде жүрген болса да, толық ақпарат алуға тиіс.

7. Заңдылықты қалпына келтіруден басқа, біз адамдарды құқықтық нигилизмге итермелейтін әлеуметтік алғышарттарды тұрмыс деңгейін көтеру, жұмысқа орналастыру проблемасын шешу, қолжетімді тұрғын үй, жастар үшін өмірлік перспектива жасау жолымен еңсеру жөнінде батыл шаралар қолдануға шұақырамыз. Күнкөрісі төмен отбасыларды әлеуметтік қорғауды айтарлықтай күшейту, әлеуметтік әділеттілік принциптерін іске асыру арқылы ең байлар мен ең кедейлер арасындағы табыс деңгейінің алшақтығын азайту жөнінде қадамдар жасалуы қажет.

8. Біз экстремизм мен құқықтық нигилизм проблемаларын талқылау үшін "Қазақстан-2020" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының кезектен тыс отырысын шақыруды қайтадан талап етеміз.

Біз барлық саяси бірлестіктерді алауыздықты қоя тұрып, әрбір қазақстандық үшін қастерлі қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі мәселесін қарауға қатысуға шақырамыз",- деп мәлімдеді Қазақстанның "Ақ жол" демокартиялық партиясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны