30.06.2009, 12:08 3530

Ақордада Қазақстан мен Израиль мемлекетінің президенттерінің кездесуі өтуде

Ақордада Қазақстан мен Израиль мемлекетінің президенттерінің кездесуі өтуде

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан мен Израиль мемлекетінің президенттерінің кездесуі өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Израиль мемлекетінің президенті Шимон Перес Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, сапар барысында Шимон Перес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Сапар аясында Израиль президенті Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезіне құрметті қонақ ретінде қатысады.

Ш.Перестің сапары барысында Астанада екі мемлекеттің іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру, екі елдің сыртқы саяси ведомостволары арасындағы өзара іс-қимыл тақырыбында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны