06.12.2012, 11:02 2346

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Біріккен Араб Имірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибрахим Хассан Сайфты еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

ҚР президентінің баспасөз қызтметінің хабарлауынша, М.Құл-Мұхаммед дипломатқа Мемлекет басшысының атынан оның екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына қосқан елеулі үлесі және БАИ-нің Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына белсенді атсалысқаны үшін алғыс айтты.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Біріккен Араб Имірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибрахим Хассан Сайфты еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызтметінің хабарлауынша, М.Құл-Мұхаммед дипломатқа Мемлекет басшысының атынан оның екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына қосқан елеулі үлесі және БАИ-нің Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына белсенді атсалысқаны үшін алғыс айтты.

Кездесуде біздің елдеріміз халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша ұқсас позиция ұстанатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Біріккен Араб Имірліктері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің белсенді мүшесі болып саналады.

ҚР Мемлекеттік хатшысы екі мемлекеттің инвестициялық саладағы серіктестігін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда БАИ қаржысының қатысуымен мұнай-газ секторы және жылжымайтын мүлік саласында бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны