12.08.2008, 18:55 2541

АҚШ әскери қақтығыстардың тоқтатылуын расында да қалайды дегенге Ресей сенеді

АҚШ әскери қақтығыстардың тоқтатылуын расында да қалайды дегенге Ресей сенеді

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ әскери қақтығыстардың тоқтатылуын расында да қалайды дегенге Ресей кәміл сенеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы РФ істерін уақытша жауаптанған өкіл Владимир Спринчан мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Грузия басшылығының Оңтүстік Осетиядағы әрекеттерін Вашингтоннан тікелей басқарып отыр деп айту - тек жорамал ғана... Ол Тбилисиге қарулы күштерді жаңалауға, жеке құрамды жасақтауға, техниканы жаңартуға, оқ-дәрі жеткізуге АҚШ жағы үлкен көмек көрсетуіне негізделіп айтылған. Бұл - құпия емес", - деді В. Спринчан журналистер сауалына берген жауабында.

"Бірақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың РФ СІМ Сергей Лавровпен және Грузия жағымен телефон арқылы келіссөздер жүргізуі, сондай-ақ, президент Буштың қақтығысқа қатысушы жақтарды атыстар мен әскери қимылдарды доғаруға шақыруы АҚШ-тың бейбітшілік ниетін, шиеленісті, соның ішінде әскери іс-қимылдарды тоқтатуды, бейбіт келіссөздерді бастауды қалайтынын паш етеді", - деді елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны