06.05.2010, 15:49 3002

АҚШ Бакиевтің айналасындағылардың елден алып шыққан қаржы-қаражатын іздеп тауып, кері қайтаруға Қырғызстанға қолдау көрсетуге дайын

АҚШ Бакиевтің айналасындағылардың елден алып шыққан қаржы-қаражатын іздеп тауып, кері қайтаруға Қырғызстанға қолдау көрсетуге дайын

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - АҚШ бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің отбасы мүшелері мен айналасындағылар елден алып шыққан қаржы-қаражатты іздеп тауып, кері қайтаруға Қырғызстанның уақытша үкіметіне қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Қырғызстанның қаржы министрінің міндетін атқарушының баспасөз хатшысы Азамат Тынаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24kg" агенттігіне сілтеме жасап.

А. Тынаевтың айтуынша, Қырғызстанның уақытша үкіметі төрағасының орынбасары Темир Сариев бүгін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнаулы көмекшісі Майкл Макфоллмен кездесуде Қырғызстаннан шығарылған қаржыны іздеп табуға қолдау көрсету мәселесін көтерді.

"Ол елден заңсыз шығарылған қаржыны тауып, кері қайтару қажеттігін олардың заңсыз табылғандығына негіздеп түсіндірді. Т. Сариев бұл қаржының көмегімен уақытша үкіметтің қарсыластары Қырғызстанда конституцияға қарсы және арандатушылық іс-әрекеттерді қаржыландыруы мүмкін деген қаупімен бөлісті", - деді А. Тынаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қырғызстандағы АҚШ елшісі Татиана Гфэллэр қырғыз жағын уақытша үкіметтің ресми нотамен АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігіне шыға алатынынан хабардар етті. Онда Қырғызстан жағы "жемқорлық капиталды" іздеп тауып, қайтаруға қатысты ұстанымын негізді түрде білдіруі керек. Елшінің мәлімдеуінше, бұл істе құпия есепшоттарды іздеп табу және олардағы ақша айналымын тоқтату мүмкіндіктеріне ие АҚШ Қаржы министрлігі көмектесе алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны