13.02.2012, 12:37 3739

АҚШ қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтірген полицей ақталып шықты

АҚШ-тың Портсмут қаласының алқа сотының шешімімен қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтіруге қатысты қылмыстық іс жабылды. Сот барысында қарусыз Кириллге 15 рет оқ жаудырған полиция қызметкері Стивен Д. Ранкиннің кінәлі еместігін дәлелдейтін айғақтар ұсынылған.

Портсмут. 13-ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтірген полицей ақталып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Порталының хабарлауынша, АҚШ-тың Портсмут қаласының алқа сотының шешімімен қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтіруге қатысты қылмыстық іс жабылды.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, сот барысында қарусыз Кириллге 15 рет оқ жаудырған полиция қызметкері Стивен Д. Ранкиннің кінәлі еместігін дәлелдейтін айғақтар ұсынылған.

Естеріңізге сала кетсек, қарағандылық Кирилл Денякин Портсмут қаласында 23 ақпан күні қаза тапқан болатын. Америкаға Work&Travel бағдарламасы бойынша ақша табу мақсатымен барған ол танысының пәтерін жалдап, АҚШ-та қалуға шешім қабылдаған. Мас күйінде үйіне қайтып келе жатқан ол кіреберістің есігін қағамын деп полицейлердің назарына ілігеді. Олар Кириллді үй тонаушы деп ойлап қалған. Офицер С. Ранкин оның орнында тұруын талап еткен, полицейдің айтуы бойынша, Кирилл бұйрыққа бағынбастан полицейге қарай бет алған. Жас жігітті тоқтату үшін Ранкин оқты ауаға емес, бірден адамға атқан. Ол барлығы 15 оқ атыпты. Кириллдің бойынан 11 оқ жарақаты табылды.

"Бүгінгі күні С.Ранкиннің психикалық ауытқуы бар екені айдан анық. Біз оны Facebook әлеуметтік желісі арқылы дәлелдей аламыз. Онда ол жан түршігерлік фотосуреттері мен комментарийлерін жариялаған", - деген Денякиндер отбасы жақтаушысының сөзін мысалға келтіреді портал.

Сондай-ақ журналистер әлеуметтік желіден офицердің жеке бетін тауып алған. Онда ол түрлі мазмұндағы фотоларды орналастырыпты: асылып тұрған адам, бөлшектелінген тапанша, қару-жарақ сақтауға арналған жәшік. Фотолардың астында мынадай түсініктеме берілген - "Бұларды тазалағаннан гөрі, былғағаным жақсы еді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны