04.08.2008, 17:39 2653

АҚШ Конгрессі сенатының делегациясы Қазақстанға келеді

АҚШ Конгрессі сенатының делегациясы Қазақстанға келеді

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Конгрессі сенатының делегациясы 7 тамызда Қазақстанға келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

"АҚШ Конгрессі сенатының демократиялық көпшіліктің жетекшісі Хэрри Рид басқарған делегациясы 7 тамызда Қазақстанға келеді", - делінген хабарламада.

Өкілдер құрамында АҚШ Конгрессі сенатының энергетика және минералды ресурстар комитетінің төрағасы Джефф Бингаман, қарулы күштер, сауда, бюджет, барлау мәселелері жөніндегі комитеттерінің мүшесі Билл Нельсон, халықаралық істер, банк қызметі, бюджет, энергетика және минералды ресурстар, тұрғын үй мәселелері комитетінің мүшесі Роберт Менендез, халықаралық істер, шағын бизнесті дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған орта және еңбек комитеттерінің мүшесі Джонни Исаксон бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны