15.12.2009, 12:34 1857

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Обаманың және Құрама Штаттар халқының атынан Қазақстан азаматтарын 2009 жылы 16-желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздіктің 18 жылдығымен құттықтаймын. Біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық өзара құрметке және өзара мүддеге негізделген - ол қауіпсіздікті нығайтуға және халықтарымыздың гүлденуіне мүмкіндік туғызуда".

"Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі бірінші ел болды. Содан бері біз экономикалық байланыстарды жақсарту, жауапты және сенімді энергетикалық келешекті қалыптастыру, аймақтық қауіпсіздікке және ядролық қару-жарақ қаупін қысқартуға кепілдік беру жолында бір-бірімізбен тығыз жұмыс істеп келеміз".

"Қазақстан өзінің ядролық қаруынан бас тарту туралы шешімімен Жер шарының барлық түкпіріндегі бейбітшілік жолындағы күрескерлердің құрметіне ие болып, ядролық қару-жарақтарды таратпау ісінде көш бастады. Республика келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жетекшілік жасаған уақытта да АҚШ Қазақстанның бұдан былай да халықаралық лидер қалпына қала беретініне сенеді".

"Қазақстан халқының ыстық ықыласы және қонақжайлылығы туралы жақсы білемін және ел үшін осынау маңызды және тарихи оқиғаға орай қазақстандықтарға өзімнің ізгі лебізімді жолдаймын. Бұл Қазақстанның мәдени мұрасына құрмет көрсетудің және бейбіт және гүлденген болашақ үшін бірлесіп жұмыс істеуге деген біздің ниетімізді жеткізудің тағы бір жақсы мүмкіндігі", -делінген құттықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны