29.08.2006, 11:29 2922

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары ҚР СІМ-нің атына Семейдегі ядролық сынақ полигоны жабылуының 15 жылдық мерейтойына орай жолдау жіберді

АСТАНА. 29-тамыз. Kazakhstan Today. АҚШ мемлекеттік хатшысының қару-жарақты қадағалау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Роберт Джозеф ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың атына Семейдегі ядролық сынақ полигоны жабылуының 15 жылдық мерейтойына орай жолдау жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жолдау мәтінінде атап көрсеткеніндей, "полигонның жабылуы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен ол басқарған үкіметтің жалпы бейбіттшілік мүддесі мен Қазақстан халқының игілігі үшін ядролық қару-жарақ, материалдар мен инфрақұрылымның таралуына жол бермеу мен оны азайту ісіндегі жетекшілік ролін айқын паш еткен қадам болды. Бұл осы жолдағы соңғы емес, ең алғашқы қадам екені даусыз".

"Қазақстан мен АҚШ Кеңес Одағынан қалған ядролық мұраны жою ісі бойынша көп жылдан бері етене жақын ынтымақтасып келеді", деді Р.Джозеф. "Жұмыстардың басым бөлігі аяқталған немесе аяқталуға жақын қалған қазіргі уақытта біз халықты жаппай қырып-жоятын қару-жарақ пен оларды жеткізу жүйелерінің ғаламдық таралу қаупіне қарсы бұрынғыдан да кең көлемде ынтымақтастық орнату мүмкіндігі мен жауапкершілігіне иеміз",- дейді АҚШ дипломаты.

Р.Джозеф сонымен бірге өз жолдауында "Қазақстанның қауіпсіздік бастамасы мен ядролық лаңкестікпен күрес саласындағы ғаламдық бастамаға толыққанды қатысып отырғанына" қолдау білдіре келе "халықты жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар мен оларды жеткізу құралдарының лаңкестер мен оларды жақтаушылардың қолына түсіп кетуінің алдын алу бағытындағы бұдан да жақын ынтымақтастыққа" сенім білдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны