31.05.2007, 16:22 6102

АҚШ Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Изербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі - АҚШ вице-президенті көмекшісінің орынбасары

БАКУ. 31-мамыр. Kazakhstan Today. АҚШ Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Изербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі. Бұл туралы АҚШ вице-президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Джозеф Вуд бүгін Бакуде Изербайжанның өнеркәсіп және экономика министрі Натик Илиевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кездесуде тараптар негізінен Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

"Ресми Вашингтон Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Изербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі және бұл саясатты келешекте де жалғастыра береді. Бұл мәселе бойынша АҚШ Қазақстанмен және Түрікменстанмен белсенді келіссөздер жүргізуде",- деді Д.Вуд.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны