20.04.2012, 14:25 3803

АҚШ пен Канадада қазақстандық роуд-шоу аяқталды

АҚШ пен Канадада Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған қазақстандық роуд-шоу аяқталды, деп хабарлады Экспорт және инвестициялар жөніндегі "Kaznex Invest" ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ пен Канадада қазақстандық роуд-шоу аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ пен Канадада Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған қазақстандық роуд-шоу аяқталды, деп хабарлады Экспорт және инвестициялар жөніндегі "Kaznex Invest" ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен.

Бұл шараның аясында бірінші таныстырылым 10 сәуірде Вашингтонда өтті. "Қазақстан Инжиниринг Ұлттық компаниясы" АҚ, "СК Инвест" ЖШС, Бірлескен Химиялық Компания, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ өз жобаларын таныстырды.

"General Electric Transportation компаниясының шетелдік үкіметтермен жұмыс жөніндегі директоры Ричард Хералд, АҚШ Мемлекеттік департаментінің коммерциялық істер жөніндегі уәкілетті өкілі Лорриан Харитон, АҚШ Даму және сауда агенттігінің саяси бағдарламалар жөніндегі директоры Джефри Джексон Қазақстанмен табысты серіктестіктері және ондағы бизнесті жүргізудің мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді", -делінген "Kaznex Invest" компаниясының хабарламасында.

Екінші күні, 11 сәуірде Нью-Йоркте өткен роуд-шоуға Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Ийтімова, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин және "Kaznex Invest" компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов қатысты.

12 сәуірде Сан-Франциско қаласында "Қазақтелеком" компаниясы мен "Зерде" ҰАХ" АҚ өкілдері Apple Inс. және Trans Cosmos Incorporated компанияларының өкілдерімен кездесті.

Дәл осы күні Чикаго қаласында да іс-шара өтті. Агроөнеркәсіптік кешенге және машина жасау саласына арналған ондағы кездесуде Kaznex Invest, "Қазақстан Инжиниринг ҰК", "ҚазАгроҚаржы", Global Industries, Brandt, Akin Gump Strauss Hauer & Feld LLP компанияларының басшылары, Иллинойс штатының Сауда және экономика жөніндегі кеңсесінің сауда маманы Ивона Боченска, Орталықазиялық зерттеу орталығының төрағасы Гарри Липински, HSBC банкінің клиенттермен жұмыс жөніндегі өкілдері бас қосты.

Ал 13 сәуірде Ванкуверде өткен таныстырылымда Cameco, Uranium One және Altynalmas Gold компанияларының өкілдері канадалық аудиторияны Қазақстанда бизнес жүргізудің жетістіктерімен таныстырды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Сауранбаев жергілікті кен-металлургия кешенінің алпауыттары - Cameco, Alhambra Resources, KazaXminerals, Uranium One, Shelter Industries, Sprung Instant Structures, Association of Mining Explorations, Hatch, Altynalmas Gold (Ivanhoe Mines), B2Gold, GEMCOM SОFTWARE INT., АМC Mining Consultants сияқты компаниялардың өкілдерімен келіссөздер өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны