15.12.2008, 14:19 1625

АҚШ президенті Джордж Буш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ президенті Джордж Буш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ президенті Джордж Буш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дж.Буш өз жолдауында Америка халқының атынан Н.Назарбаевты және Қазақстан халқын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 17 жылдығымен құттықтайды.

"Біз Сіздің мемлекетіңіздің экономикалық реформаларды ілгерілетудегі және стратегиялық әріптестікті, оның ішінде Ауғанстан мен Ирактағы ынтымақтастықты дамытудағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Осының арқасында біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз нығая түсті. Біз әдеттегідей Қазақстандағы және бүкіл өңірдегі еркіндік, тұрақтылық пен өркенділікті нығайтуға ниеттіміз.

Мен Сізге және Қазақстан халқына алға қойған мақсаттарға жетуді және бейбіт болашақ тілеймін", - делінген жолдаухатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны