26.05.2008, 18:28 2728

АҚШ реформаларды жүзеге асыруда Қазақстанды қолдауды одан әрі жалғастыруда - конгрессмен Рэйхэл

АҚШ реформаларды жүзеге асыруда Қазақстанды қолдауды одан әрі жалғастыруда - конгрессмен Рэйхэл

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ реформаларды жүзеге асыруда Қазақстанды қолдауды одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздерден кейін өткен брифингте АҚШ конгрессінің депутаты Ник Рэйхэлл мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, демократиялық реформалар барысын қолдауды жалғастыру, сіздің елдегі кәсіпкерлік рухты және сіздің елдің энергетикалық ресурстар саласындағы халықаралық және ұлттық қауіпсіздікке қосқан үлестеріңізді қолдау, көмірсутегінің экспортын қолдау мақсатында осындамыз", - деді конгрессмен. Осы орайда ол АҚШ-тың республикамен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуден мүдделі екенін атап өтті. "Уран өндіру көлемінің ұлғайтылуы жайлы әңгіме бұл", -деді ол.

"Жалпы алғанда, экономика мен өмірдің басқа да салаларында Қазақстан қол жеткізген ілгерілеушіліктерге таңданыс білдіргім келеді", -деді Н. Рэйхэл.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір елімізде Өкілдер паласының табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Ник Рэйхэлл бастаған АҚШ конгрессінің делегациясы жүр. Түске дейін делегация өкілдері Қазақстан мемлекеттік хатшысымен және еліміздің сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны