14.08.2006, 16:12 3029

АҚШ сенаторы Ричард Лугар елімізге ресми сапармен келеді

АСТАНА. 14-тамыз. Kazakhstan Today. 18-20-тамыз аралығында АҚШ сенаторы Ричард Лугар елімізге ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Р.лугар сапар барысында мемлекет басшысымен, үкімет басшысымен, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, қаржы, энергетика және минералды ресурстар, ауылшаруашылығы, қорғаныс, ішкі істер , білім және ғылым министрлерімен, сондай-ақ, ҰҚК-нің басшылығымен кездеседі.

Е.Ашықбаев Р.Лугардың АҚШ сенатының сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы екенін, сондай-ақ, ауылшаруашылығы, азық-түлік және орман шаруашылығы жөніндегі комитеттеріне де енетінін еске салды.

Р.Лугар "Нанн-Лугар" бағдарламасы деген атаумен белгілі "Қауіп-қатерді бірлесіп азайту" атты қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау және ядролық қаруды демонтаждауды қаржыландыру бағдарламасының негізін қалаушылардың бірі. Осы бағдарлама жұмыс істеген мерзімде стратегиялық зымырандардың 5900 оқтұмсығы демонтаждалып, 30 мың тактикалық ядролық қаруды қауіпсіз жағдайда сақтау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны