13.06.2007, 14:11 1328

АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс саласында Ресеймен ынтымақтастық жасауға ниетті

АСТАНА. 13 - маусым. Kazakhstan Today. АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс саласында Ресей Федерациясымен ынтымақтастық жасауға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы АҚШ-ның мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Руд Жаһандық бастама қатысушыларымен кездесуді баяндаған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АҚШ Ресеймен зымыранға қарсы қорғаныс саласында ынтымақтасуға мүдделі", - деді Д. Руд. Мұнымен қоса, ол Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің зымыранға қарсы қорғаныс мақсатында Изербайжанда Ресей жалға алып отырған РЛС-ті бірлесіп пайдалану туралы ұсынысын АҚШ қодайтынын атап өтті. "Осыған қатысты президент Путиннің ұсыныстары маңызды және қызықты болып елестейді. Біз мұны талқылау сараптамашылар деңгейіне дейін жалғасатынына үміттіміз", - деді мемлекеттік хатшының орынбасары.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк Путин мырзаның Изірбайжандағы Габала деген жерде орналасқан радардың көмегін бірлесіп пайдалану туралы ұсынысы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Изербайжанда құрмаудан келіп шыққандығын атап айтты. "Біз бұл жүйені үшінші мемлекеттің жеріне енгізу мәселесін ұсына алмаймыз", - деді ол. Оның айтуы бойынша, қазіргі радарды алдын-ала болжам жасау үшін пайдалануға болады. Себебі, бұл радар уақыт сынынан өткен және жаңа зымырандар пайда болуы мүмкін Таяу Шығыс және соған іргелес аймақтан көтерілген кез-келген зымыранды бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ол Ресей қысқа мерзім аралығында Чехия мен Польшада үшінші тұғырнамалық ауданды құруды ақтайтын ешқандай қауіп-қатер жоқтығын алға тартып отырғандығын баса айтты. "Егер бұл бағытта қауіп-қатер болмаса, үшінші әлемнің алдына қойып отырған мақсаты бізге түсініксіз", - деп атап өтті министрдің орынбасары. "Бұл жерде біздің көзқарасымыз америкалық әріптестерден алшақтайды", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны