03.08.2012, 15:38 2795

АҚШ-тың қазақстандағы елшілігі Ұлттық ядролық орталығына радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін техниканы табыс етеді

Арнайы техниканы табыстау рәсімі тамыздың 8-інде "Курчатовтағы ядро күндері" шеңберінде өтеді. Оны АҚШ-тың қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс табыстайды, деп жұма күні "Қазақстан ядролық қоғамы" хабарлады.

Курчатов. 3-тамыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында еліміздің Ұлттық ядролық орталығына радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін техниканы табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Арнайы техниканы табыстау рәсімі тамыздың 8-інде "Курчатовтағы ядро күндері" шеңберінде өтеді. Оны АҚШ-тың қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс табыстайды, деп жұма күні "Қазақстан ядролық қоғамы" хабарлады.

Сонымен қатар, 6-10-тамыз аралығында Курчатовтағы ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтында VII халықаралық "Ядролық сынақтар мен олардың салдарын бақылау" конференциясы өтеді.

Оған әлем елдерінен қатысатын ғалымдар мен мамандар 50-ден астам баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны