23.12.2011, 17:09 3239

Ақтөбе қаласында Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтті

"Бүгін Турнир "АҚ ЖОЛ" партиясының қолдауымен Ақтөбе қаласында Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтті. Турнирге Атырау, Ба-тыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының спортшылары қатысты", деп хабарлады ҚДП баспасөз қызметінен.

Ақтөбе. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласында Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін Турнир "АҚ ЖОЛ" партиясының қолдауымен Ақтөбе қаласында Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтті. Турнирге Атырау, Ба-тыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының спортшылары қатысты", деп хабарлады ҚДП баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша Турнирдің басты мақсаттары:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- елдегі дене шынықтыру мен спортты дамыту;

- боксты бұқаралық сипатта дамытуға жағдай жасау.

"АҚ ЖОЛ" партиясының жоспарына сәйкес осындай турнирлер еліміздің өзге өңірлерінде де ұйымдастырылатын болады. "Ақжолдықтардың" пікірінше, ең бастысы елдің ішінде салауатты өмір салты мен бұқаралық спорттың кең қанат жаюына ықпал ету.

"Партия "Буревестник", Еңбек резервтері, "Динамо" және т.б. спорттық бірлестіктерді қайта құруға ат салысатын болады. Қазақстан спортының өркендеуіне және жаңа биіктерге шығуына осы бірлестіктер негіз болады",- деп атап көрсетті партиядағылар.

"Сондай-ақ, барлық ауылдарда, аудан орталықтарында спорттық алаңдар мен залдар салынуы қажет. Біздің өз әлем, Олимпиада чемпиондарымыз болуы керек. Шеттен алынған спортшылардың біз үшін жарыстарға қатысып, жеңіс әпергені мен үшін ұят. Қазақтар соншалықты қабілетсіз бе? Жоқ, қабілетті! Бізде өсіп келе жатқан жас ұрпақ пен спортшыларымызды қолдау кемшін", - деді Бақыт Сәрсекбаев.

"АҚ ЖОЛ" партиясының Сайлауалды тұғырнамасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға басым көңіл бөлінген.

"Елдің тұрақты дамуы үшін ұлт рухы да, тәні де сау болуы тиіс. Біз еліміздегі барлық елдімекендерді 100 пайыз спорттық алаңдармен, аула клубтарымен қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың денсаулығының кепілі болады", - деп атап өтті, пар-тия төрағасы Азат Перуашев.

"АҚ ЖОЛ" партиясына кірген себебім, "АҚ ЖОЛ" - жастардың партиясы. Ирбір қазақстандықтың рухани саулығы, тән саулығы әр уақытта маңызды. "АҚ ЖОЛ" партиясы осы мақсатта орасан жұмыстар істеп жатыр", - деп мәлім етті Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны