10.06.2008, 09:54 1267

Ақтөбеде күзде ҚР мен РФ президенттерінің қатысуымен екі елдің шекаралас аумақтарының әкімшілік басшыларының форумы өтеді

Ақтөбеде күзде ҚР мен РФ президенттерінің қатысуымен екі елдің шекаралас аумақтарының әкімшілік басшыларының форумы өтеді

Ақтөбе. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде биыл күзде Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен екі елдің шекаралас аумақтарының әкімшілік басшыларының форумы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі тәуелсіз "Эврика" газетіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, апталықтың айтуынша, форум алдағы қыркүйек айында өткізіледі деп күтіліп отыр және Ақтөбеде өтетін форумға екі елдің барлық шекаралас облыстарының басшылары, сондай-ақ, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының мэрлері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны