16.07.2007, 18:32 2652

Алдағы сайлау кезінде шетелдерде болатын Қазақстан азаматтары 35 сайлау учаскесінде дауыс бере алады

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Алдағы сайлау кезінде шетелдерде болатын Қазақстан азаматтары 35 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Бұл туралы бүгін өткен "дөңгелек үстел" барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен шетелдерде 35 сайлау учаскесі құрылды, олар жабдықталды, тиісті техникалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетілді. Демек, бұл учаскелерде дауыс беру ұйымдастырылады", - деді Қ. Тұрғанқұлов.

ОСК басшысының айтуынша, сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының елшіліктерінде құрылған. Сонымен бірге, "біз 35-ші учаскені Біріккен Араб Имірліктерінде құрдық", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны