24.06.2010, 11:59 2379

Алдағы уақытта Беларус, Ресей және Қазақстан арасында жұмыс күшінің жүріп-тұруына шектеу болмайды БЕЛТА

Біржан Нұрымбетов "алға елеулі қадам жасалды - үш ел арасындағы жұмыс күшінің жүріп-тұруына ешқандай шектеулер болмайды", деп санайды. Сарапшылар деңгейінде елеулі жұмыстар жүргізілді, министрлер мен олардың орынбасарлары кездесті, оның барысында ортақ ұстанымдар белгіленді.

Алматы. 24-маусым. Kazakhstan Today Беларус, Ресей және Қазақстан арасындағы жұмыс күші туралы келісім шартты әзірлеу аяқталып келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Біржан Нұрымбетов "алға елеулі қадам жасалды - үш ел арасындағы жұмыс күшінің жүріп-тұруына ешқандай шектеулер болмайды", деп санайды. Сарапшылар деңгейінде елеулі жұмыстар жүргізілді, министрлер мен олардың орынбасарлары кездесті, оның барысында ортақ ұстанымдар белгіленді.

Бүгінгі таңда Беларус, Ресей және Қазақстан заңнамаларында белгілі бір шектеулер қарастырылғандығы белгілі (квота беру, рұқсат беру, лицензиялау және т.б.). Кеден одағы ауқымында еңбек көші-қонына қатысты рұқсат беру рәсімдері алынып тасталады, деді сұхбаттасушы. Бұл дегеніміз, Ресей мен Қазақстаннан жұмыс күшін тартатын беларус фирмалары енді тиісті рұқсат беру рәсімдерін жүргізбейді.

"Ресей мен Қазақстан көбіне еңбек мигранттарын қабылдайды, ал Ресейге қатысты Беларус жұмыс күшін экспорттаушы ел болып отыр, - деді Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. - Мұндай келісім қабылданған жағдайда азаматтардың мүддесін көздейді, олар өз елінің аумағынан басқа елге жұмысқа орналасуға шыға алатын болады".

Біржан Нұрымбетов ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 1,3 мың ресейліктер, Ресейде - 9,5 мың қазақстандықтар еңбек ететін тілге тиек етті. Беларуста 50 қазақстандық, ал Қазақстанда - 30 беларустықтар бар (бұл географиялық орналасуына байланысты).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны