28.06.2010, 13:41 2756

Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша Қырғызстан сайлаушыларының 90 пайыздан астамы Конституцияның жаңа жобасына дауыс берген

Олардың ақпараттарына сүйенсек, 2 мың 319 учаскенің 2 мың 193-нің (94,57) мәліметтері келіп түскен. "Тіркелген 2 млн 767 мың сайлаушының 1 млн 700 мыңы Конституцияның жаңа жобасын қолдаған",- деп хабарлайды "Шайлоо" МАЖ.

Бішкек. 28-маусым. Kazakhstan Today Қырғызстанның Орталық сайлау комитетінің алдын ала жасаған мәліметтері бойынша Қырғызстан сайлаушыларының 90,82 пайызы Конституцияның жаңа жобасына дауыс берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Шайлоо" мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Олардың ақпараттарына сүйенсек, 2 мың 319 учаскенің 2 мың 193-нің (94,57) мәліметтері келіп түскен. "Тіркелген 2 млн 767 мың сайлаушының 1 млн 700 мыңы Конституцияның жаңа жобасын қолдаған",- деп хабарлайды "Шайлоо" МАЖ.

Дауыс беру республика бойынша 2 мың 281 учаскеде, ал ел аумағынан тыс 38 референдум учаскелерінде ұйымдастырылған. Референдумға әлемнің 31 елінен келген 18 халықаралық ұйымдар мен мемлекетаралық құрылымдардың 189 халықаралық бақылаушы өкілдері бақылау жасаған. Сондай-ақ референдумды үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардан келген бірнеше мыңдаған жергілікті бақылаушылар қадағалаған.

Референдумды жария етуге алыс және жақын шетелдердің 30-дан астам жетекші БАҚ-ның шетелдік 110 журналисті тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны