23.10.2009, 15:58 3559

Алматы әкімі Стамбул қаласының мэрімен кездесуде қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады

Алматы әкімі Стамбул қаласының мэрімен кездесуде қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады

Алматы. 23 қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ахметжан Есімов Стамбул қаласының мэрі Кадыр Топбашпен кездесуде қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы қаласының мәдениет күндерінің аясында Ахметжан Есімов Стамбул қаласының мэрі Кадыр Топбашпен кездесті. Кездесуде талқыланған басты мәселелердің бірі қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру, метро құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту болды. Сондай-ақ, екі қаланың арасындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынасты дамыту перспективалары талқыланды.

"Екі халықтың тарихы, мәдениеті, тілі мен діні бір. Бұл - тек екі ел арасында ғана емес, жалпы түркі әлемінің арасындағы қарым-қатынасты қарқынды дамытуға негіз болып табылады деген сенімдемін", - деді Ахметжан Есімов.

"Стамбул қаласы мэрінің айтуынша, Қазақстанның серпінді экономикалық дамуы мен оның Орталық Азиядағы жетекші орны жалпы түрік дүниесінің мақтанышы болып табылады", - делінген хабарламада.

Стамбул - Түркияның аса ірі транспорттық торабы. Мегаполисте орталық Еуропаны Түркиямен, Сириямен және Иранмен байланыстыратын бірқатар маңызды теміржол және автокөлік магистральдары бар. Қалада теңіз айлақтары мен халықаралық әуежайлар орын тепкен.

Икімдіктің мәліметінше, күн сайын Стамбулдағы қоғамдық көлікпен 13 млн жуық адам қатынайды. 18 млн тұрғынға 800 мың автомокөлік тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны