25.10.2010, 14:48 4466

Алматы мен Милан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы мен Милан арасында өзара тиімді салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 25 - қазан. Kazakhstan Today - Алматы мен Милан арасында өзара тиімді салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматы мен Милан қалаларының арасында өзара тиімді салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісімді Милан қаласының мэрі Летиция Мораттиға Алматы делегациясының Италья Республикасына сапары барасында қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов жеткізген",- деп хабарлады қалалық әкімшіліктен.

"Қазақстан мен Италья Респуликалары арасында орнатылған достық қатынастар негізінде тараптар транспорт, мәдениет, сән индустриясы, туризм және т.б. салаларда тәжірибелер мен ақпараттар алмасу туралы келісім жасаған. Сонымен қатар, келісім аясында денсаулық сақтау, өнеркәсіп және инновациялық технология салаларында бірлескен жобаларды дамыту мәселелері өзара тиімді жағдайда зерделенетін болады",- деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны