11.06.2007, 18:05 2943

Алматыда 15-маусымда ШЫҰ мәселелері жөніндегі форумның екінші отырысы өтеді

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда 15-маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Е. Ашықпаев, форум құрамына Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының проблемаларымен айналысатын жетекші ғылыми ұйымдар кіретіндігін, еске сала кетті. "Форум регламентіне сәйкес 2007 жылы төрағалық ететін ел Қазақстан Республикасы болып табылады",- деді ол.

Е. Ашықбаевтің ақпараттарына сүйенсек, форумға қатысуға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер мен ұйымның бақылаушы мемлекеттерінің ұлттық зерттеу орталықтарының басшылары шақырылған. "Олар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын кеңейту, оның басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық механизмі мәселелерін, сонымен қатар Іскер кеңесі, Банкаралық бірлестік және Энергетикалық клуб мәселелерін талқылайды",- деп қосты Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны