09.01.2012, 13:01 3723

Алматыда "Ақ жол" партяисы 12 - 15 пайыз дауыс жинауға ниетті

"Ақ жол" ҚДП Алматы қалалық бөлімшесі Алматыда сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы келеді деген болжам жасауда",- деп хабарлады "Ақ жол" ҚДП Аламты қалалық бөлімшесінің төрағасы Талғат Ибдіжапаров "Сайлауға - қоғамдық бақылау" атты бірлескен акция барысында мәлім етті.

Алматы. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда "Ақ жол" партяисы 12 - 15 пайыз дауыс жинауға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП Алматы қалалық бөлімшесі Алматыда сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы келеді деген болжам жасауда. Себебі Жаңаөзендегі оқиға мен жаңа жылдық мерекелерге байланысты толыққанды жұмыс тек екі аптада ғана жүргізілді. Ал мұндай қысқа мерзімде жарнамалау науқанының қандай ауқымды болғандығына қарамастан, тиімділігі өте төмен болады. 15-қаңтар күні дауыс беруге қандай да бір партияның жалпы саяси ұстанымын бөліп қарайтындар ғана барады",- деп хабарлады "Ақ жол" ҚДП Аламты қалалық бөлімшесінің төрағасы Талғат Ибдіжапаров "Сайлауға - қоғамдық бақылау" атты бірлескен акция барысында мәлім етті.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, "Алматыда "Ақ жол" партяисы 12 - 15 пайыз дауыс жинауға ниетті. Жуықта Илеуметтік-саяси зерттеу институты 16-желтоқсан мен 3-қаңтар аралығында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес мәлімдеме жасады. "Ақ жол" партиясына сайлаушылардың 7,5 пайызы дауыс беруге әзір. Бірақ институттың зерттеулері 3-қаңтарда аяқталғандығын, ҚДП сайлауалды науқанының екінші толқыны бір күннен кейін ғана басталғандығын ескеру қажет. Бүгінде партия төрағасы Азат Перуашев өзінің қатысуымен еліміздің барлық қалаларындағы көптеген ірі еңбек ұжымдарымен кездесу өткізген".

"Сонымен қатар "Сайлауға - қоғамдық бақылау" акциясы "Ақ жол" ҚДП мәслихат депутаттығына үміткерлерді қолдауға да бағытталған. Өкінішке орай олардың Алматыдағы саны екі есеге қысқартылған. Дегенмен біз олар сайлауға түсетін учаскелерді назарда ұстап отырмыз. Біз бұрмалаушылыққа жол бермей, біздің бақылаушыларымызға сайлау процессін сапалы түрде бақалауларына, заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкін жасауымыз қажет. Біз қандай да бір шектен шыққан шараларға бармаймыз, бірақ сайлау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, біз өзіміздің бақылаушыларымызды кәсіби тұрғыдан дайындаймыз",- деп атап өтті Т. Ибдіжапаров.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, акцияға ҚР парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Сағиятулла Сарсенов, Нұрлан Жазылбеков, Талғат Ибдіжаппаров, Көгершін Жамықова, Дәурен Мұхамеджанов қатысты.

"9-қаңтар күні Алматыда "Ақ жол" партиясының атынан өкілдік ететін байқаушылар мен сайлау учаскелері мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтті. Тренингті белгілі саясаттанушы, "Демократияны тарату орталығының" жетекшісі Дос Көшім басқарды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Сайлау комиссиясының да, байқаушылардың да алға қойған мақсаттары біреу. Ол - ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының бұзылмауы. Сайлау болған күні сайлау учаскесінің ашылуынан бастап дауыс беруді есептеуге дейінгі үдеріс халықтың көз алдында болу керек. Егер олай болмаса жеңіліп қалған жағы сайлаудан кейін дау шығаруы мүмкін. Оны болдырмас үшін сайлауға түсушілер алдын-ала өздерінің байқаушыларын дайындау қажет. Олар ҚР Сайлау туралы заңының негізгі баптарын жақсы білетін адам болу керек", - дейді Д.Көшім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны