14.07.2008, 17:00 2457

Алматыда біріккен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының жетінші отырысы өтті

Алматыда біріккен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының жетінші отырысы өтті

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында 7-11 шілде аралығында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтік делегацияларының Біріккен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының жетінші отырысы өтті. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Отырыс барысында демаркация үрдісінің тәртіптерін, 2009 жылға демаркациялық жұмыстарының жоспарын бекітетін бірқатар құжаттардың жобалары талқыланып, шекаралық белгілерді орнату орындарын анықтау бойынша жұмыс жалғастырылды",- деді Е.Ашықбаев.

СІМ ақпаратына сәйкес, біріккен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы үстіміздегі жылы қыркүйек айында Ресей Федерациясында өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны